«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ОҚО-да бюджеттік автокөліктер шығарылуы мүмкін

2014 жылғы 11 Мамыр
3800 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттік автомобильдер шығару жоспарланып отыр. Малайзияда өткен бизнес-форум кезінде қазақстандық делегация "Proton" компаниясымен аталған мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп қайтты, деп хабарлайды BAQ.kz. 

Екі тарап та біріге жұмыс істеп, ресейлік автоөндіріске бәсеке боламыз деп отыр.

"Біз біріге "Proton" моделіндегі бюджеттік автокөліктер жинау ісін ұйымдастыруға және казақстандық көліктердің Кедендік Одаққа шығуына ынталымыз. Шілде айында мамандарымызбен Оңтүстік Қазақстан облысына осы мәселені пысықтау үшін барамыз", - деді "Proton" компаниясының директоры Абдул Рашид Бин Мұса. 

Айта кетейік, бұл бастама ОҚО әкімдігінің қолдауымен Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласында көтерілді. Онда «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері» атты халықаралық бизнес-форум өткен болатын.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев бастап барған оңтүстікқазақстандық делегацияның құрамында «Шымкентқұс», «ЭкофармИнтернейшнл», «Дольчефарм», «Қайып ата», «Lider NK», «Санаторий «Көктерек» т.б. бизнес құрылымдардың өкілдері болды. Шарада отандық кәсіпкерлерге малайзиялық ірі инвесторлар мен бизнесмендер алдында өз жобаларының таныстырылымын өткізуге мүмкіндік жасалған. Шетелдік кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысында инвестиция салып өркендетуге болатын мал және құс шаруашылығы, фармацевтика, машина жасау, туризм, қонақ үй мен сервис бизнесі жөнінде кең мағлұмат алды. Форум аясында отандық және малайзиялық кәсіпкерлер арасында әріптестік орнату жөнінде меморандумдарға қол қойылып, инвестициялық жобаларды бірлесе жүргізуге келісім жасалды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер