«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Талап қарапайым: шарт сақталып, қауіпсіздік қамтамасыз етілсе – жұмыс үзілмейді»

2021 жылғы 31 Шілде
4970 просмотров

Ералы Тоғжанов кәсіпкерлермен кездесті. Салалық қауымдастықтар және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері Премьер-министрдің орынбасарымен алдағы жұмыс бойынша ұсыныстарды талқылады.

 «Ashyq жобасының қатысушыларына жобаға және оның шарттарына түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығымды білдіремін, өйткені қызметкерлеріңіздің отбасы бар. Біз жоба лидерлеріне жеңілдіктер қарастырдық, – жұмыс күнін ұзарттық. Әлі де ұсыныстарыңызды талқылауға дайынбыз», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

 Денсаулық сақтау жүйесіне былтырдан қарағанда биыл екі есе салмақ түсті. Қазіргі кезде 16 өңір «қызыл» аймаққа түскен, ал стационарлардағы инфекциялық орындардың толуы 54%-ға жетті. Ashyq жүйесімен жұмыс істеу әлеуметтік-экономикалық нысандардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауға алып қана қоймай, бизнестің функционалын жоғалтпауға мүмкіндік берді, деп атап өтті вице-премьер.

 Ashyq жобасына жеңілдетілген алгоритммен қосылу бойынша бірнеше сағатта 22 мыңнан астам кәсіпкер өтінім беріп, InfoKazakhstan.kz  сайтынан QR-кодтарын алды. Осындай белсенділік сақталса, 2 тамызға қарай қатысушылар саны 100 мыңнан асып кетуі мүмкін. Жобаға әсіресе бизнестің көпшілік жиналатын салалары белсенді қосылып жатыр, деп мәлімдеді ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірдегі филиалдарында бизнесмендерге QR-код алып беруге көмектесетін пунктер ашылды.

 «Үкімет кәсібін адал жүргізетін бинесті қолдауда бізге жәрдемдесіп жатқаны қуантады. «Қою қызыл» аймаққа түскен бес өңірдегі жалғыз жол – кәсібін адал жүргізетін бизнесті қолдау. Көптеген өңірде жағдай ауыр, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін өте қиын, онда 2 миллионнан астам қазақстандық жұмыс істейді, олардың несиелері, қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді бар.  

Кәсіпкерлер пандемия жағдайында жұмыс істеп келеді, кәсіпкерер Ashyq жобасына сәуірден бастап белсенді қосылып жатыр. Жаңа қаулы біздің мемлекеттік органдарымен диалогымыз барын көрсетті, жағдайға мониторинг жүргіземіз деп келістік, 9 тамыздан кейін жобаға қатысушылар үшін қосымша стимулдар қарастырамыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

 Жұмыс істеуде оң үдеріске қарамастан бизнес әлі де шығын көріп жатыр. Кездесу барысында кәсіпкерлер кәсіпті жауып, жұмыс істемеген кезеңге мемлекеттен жеңілдіктер алып отыруды қаламайтындарын айтты. Олар жауапкершілікті алуға дайын: қызметкерлер вакцина салдырып жатыр, келушілерді тіркейді, осыған орай жұмыс уақытын ұзартып, демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрайды. Бизнес барлық шығынға қарамастан қызметкерлерді жоғалтып алмауға тырысады. Пандемияның бір жыл ішінде қоғамдық тамақтану саласында кадр тапшылығы орын алған, дейді Lanzhou тез тамақтану желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майғарина.

«Біз қоғамдық тамақтану саласында Ashyq пилоттық жобасына қосылған алғашқы компаниялардың бірі болдық. Біздің желідегі қызметкерлердің 50%-ы вакцинаның екінші компоннентін салдырды, 90%-ы алғашқы компонентін салдырған. Қазіргі кезде білікті мамандарды сақтап қалу үшін бізге демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраймыз», – деп атап өтті кәсіпкер.

 Сенбі және жексенбі күндері сауда және қоғамдық тамақтану салаларына апталық табыстың 80%-ы орындалады, деп атап өтті Black Star Burger KZ компаниясының директоры Александр Рассказов.

 «Осы күндері жұмыс істей алмасақ – онда толығымен шығынға батамыз. Былтыр бізге біз сияқты кәсіпкерлер – жалға берушілер қолайлы жағдай жасады, әйтпесе көбіміз 2020 жылы-ақ жабылып қалар едік. Біз орналасқан сауда орталығы Ashyq жобасына қосылды, қазір бізде келуішлер үшін қандай да бір қауіп жоқ», – дейді кәсіпкер.

 Кездесуде жобадағы лидерлердің тізімін кеңейтіп, оны персоналының 80-100 пайызы вакцина салдырған, жауапты кәсіпкерлермен толықтыру ұсынылды.

 Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері Ералы Тоғжановқа келесі ұсыныстармен өтінім жасады:

 - жұмыс және демалыс күндері Ashyq жобасының жауапты қатысушылары үшін жұмыстың уақытша шектеулерін алып тастау;

- жобаға қатысушылар ретінде қызметтің жаңа түрлеріне рұқсат беру;

- демалыс күндері қоғамдық көлікке жұмыс істеуге рұқсат беру;

- «демалыс күннің» локдауны жағдайында жергілікті бюджет қаражаты есебінен қызметкерлерді ұстау үшін қаражатты өтеу, коммуналдық және жалдау төлемдерін өтеу;

 -қазақстандық көрмелерге шетелдік қатысушылар үшін кіру визасын алу процедурасын жеңілдету.

 «Бизнеске тағы да айтамын, талап қарапайым: шарт сақталып, қауіпсіздік қамтамасыз етілсе –  жұмыс үзілмейді», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ситуацияға  мониторинг жүргізіп, ұсыныстарды пысықтау үшін Үкіметпен кездесуді, сондай-ақ жауапты кәсіпкерлерге жұмыс орындарын сақтап қалу және бизнесін жоғалтпау үшін Ashyq жобасына кіруге көмектесу бойынша жұмысты жалғастырады. Кездесуді қорытындылай келе, Ералы Тоғжанов жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, айтылған барлық бастамаларды пысықтауды тапсырды. Қажет болған жағдайда, коронавирустық инфекцияға жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына келісілген ұсыныстар шығарылады.

 Бүгінде Ashyq жобасының лидері атану үшін нысандарға «қызыл» және «сары» статусы бар азаматтарды кіргізбей, әр келушіні тіркеп отыру керек.

 Ashyq қатысушыларына жасалған жеңілдіктер:

 - «жасыл» және «қою қызыл» аймақтардағы жоба қатысушыларына жұмыс кестесі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ объектінің толтырылуы 10%-ға артады;

- тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда ұжымның (персонал) ең кемі 90%-ы вакцинаның бірінші компонентін салдырған компанияларға нысан толымдығы 20%-ға артады.

 -«қызыл» аймақтағы қатысушылар «сары» аймақтың шартымен, «сары» аймақтағы қатысушылар «жасыл» аймақтағы шаттармен жұмыс істейді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер