«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жылдам, оңай, тегін: «Атамекен» Қазақстан бойынша Ashyq-қа қосылу үшін көмек пунктерін ашты

2021 жылғы 29 Шілде
6453 просмотров

Еліміздегі кәсіпкерлер Ashyq жобасына белсене қосылып жатыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірдегі филиалдарында бизнесмендерге QR-код алып беруге көмектесетін пунктер ашылды.

Еске салайық, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп, Ashyq қосымшасын InfoKazakhstan.kz сайтында тіркеу рәсімін жеңілдетті. Өтінімдер оңайлатылған алгоритм бойынша қабылданады. Егер бұрын өтінімді өңдеуге 7 күнге дейін уақыт кетсе, бүгінде жүйе автоматтандырылған және QR-кодты алуға 2 сағаттан артық уақыт кетпейді. Сонымен қатар, мұның бәрі тегін жасалады.

Бүгін Қарағанды облысында көмек көрсету мақсатында жабық және көше базарларына өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары шықты. Қарағандының танымал базарларының бірінде 77 жалға алушы өтінім берген, олардың 22-сі QR-код алды. Қарағанды облысындағы көмек көрсету пунктері бүгінде өңірдің 18 ауданында және ірі қалаларында жұмыс істейді.

 «Жалға алушылар өте белсенді, барлығы қосылғысы келеді. Қазірдің өзінде 100 - ге жуық өтінім келіп түсті», - деді базар әкімшілігінің өкілі Ирина Мишанова.

QR-кодты алуға өтінімді кәсіпкер Лидия Чернышова да алды. Ол «Самал» базарында сөмке мен бас киім сатады. Ол бұған дейін өтінім бергісі келген, бірақ өздігінен жасай алмаған. Лидия Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының көмек көрсету пунктін ашқаны жақсы мүмкіндік болғанынатап өтті.

«Мен компьютерлік сауаттылықта мықты емеспін. Ал мұнда маған бәрі көмектесті. Мен көмек үшін өте ризамын. 2 тамыздан бастап карантин күшейтіледі, енді бұл маған әсер етпейді, өйткені мен Ashyq  қосымшасымен жұмыс істеймін», - деді кәсіпкер Лидия Чернышова.

Ал Алматыда апта басынан бері Ashyq жобасына қосылу үшін 2 мың жаңа өтінім түсті. Осыған байланысты Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында да бизнес субъектілеріне көмек көрсету пункті ашылды.

Егер маусымның басындағы жағдай бойынша Алматы қаласында барлығы 1 700 қатысушы болса, бүгінгі күні олардың саны шамамен 3 000 объектіні құрайды.

Соңғы статистикаға сүйенсек, Қазақстан бойынша 21,9 мың бизнес субъекті Ashyq  жобасына қосылды.

Ashyq жобасына қосылуға қатысты кез келген сұрақ бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе бизнес-объектіңіздің орналасқан жері бойынша ӨКП филиалдарына хабарласуға болады. Көмек көрсету пунктерінің мекенжайын мына сілтемеден көруге болады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер жобаға кіру бойынша барлық ақпаратты ҰКП call-center-ге 1432 бірыңғай нөмірі бойынша жүгіну арқылы ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер