«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені Хатшылығының сарапшылары Павлодар облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарына барып қайтты

2014 жылғы 11 Мамыр
8706 просмотров

Павлодар облысы шаруаларының тәжірибесі еліміздің аграрлық саласы үшін үлгі бола алады. Бұнда жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Жайлау» мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Атқарылып жатқан жұмысты зерттеп білу үшін облысқа ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені Хатшылығының басшысы Бауыржан Қасенов бастаған делегация келді.

Ұлттық палатаның сарапшылары үш күн ішінде Успен, Шарбақты, Ақтоғай, Лебяжі және Павлодар аудандарында болып қайтты. Әр ауданда кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Мал шаруашылығын жүргізу тәжірибесі толық зерттелді. Өңірдегі белгілі «Галицкое» және «Болат» кәсіпорындары мал басын көбейтумен айналысады, соның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытады. Осы мақсаттарда кәсіпорындар мемлекеттік бағдарламалардың құралдарын белсенді түрде қолдануда.

Сапарлар өңірдегі шағын шаруа қожалықтарының да тұрақты дамып келе жатқандығын көрсетті. Алайда, кәсіпкерлердің айтуынша, проблемалық мәселелер де бар. Олар көмекқаржы, кредит беру, жанармайдың жетіспеуі мәселелерімен және әкімшілік кедергілерге байланысты. Бауыржан Қасенов атап өткендей, бұл проблемаларды Ұлттық палата өз бақылауына алды, қазіргі таңда оларды шешу бойынша шаралар жиынтығы жасалды. Сонымен бірге, Хатшылықтың басшысы кәсіпкерлердің белсенділігінің төмендігіне наразылығын білдіріп, «бүгінгі күнмен өмір сүрмей», өз ісін белсенді түрде дамытуға шақырды.

«Мемлекет басшысы барлық жерде мал шаруашылығын, жем шығаруды көтеру міндетін алға қойды. Ол үшін Үкімет арнайы бағдарламаларды жасап шығаруда. Біз үшін маңыздысы – осы мәселелерде кәсіпкерлердің ұсыныстарының ескерілуі. Сондықтан біз аудандарды аралап, кәсіпкерлермен кездесіп, олардың проблемаларын зерттеуге шешім қабылдадық. Павлодар облысы «Жайлау» бағдарламасы енгізіліп жатқан екі пилотты ауданның бірі болды. Біз табысты көрсеткіштерді көріп отырмыз. Сапарлардың қорытындысы бойынша отарлы мал шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар жасалып, Үкіметке жіберілетін болады», - деп атап өтті Бауыржан Қасенов.

Ауылдық кәсіпкерлер «Жайлау» бағдарламасына оң баға беруде. Мысалы, Ақтоғай ауданында осы бағдарлама бойынша бірнеше шаруа қожалықтары жүздеген бас қой ала алды.

Шаруалар ҰКП сарапшыларының кооперативке бірігу туралы ұсынысын қолдады, бірақ, кәсіпкерлер барлығының заңды түрде дұрыс рәсімделу қажеттігін айтып кетті. Қажетті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі де көтерілді.

Кездесулер қорытындысы бойынша ҚР ҰКП Хатшылығының басшысы Бауыржан Қасенов шаруалардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарының ескеріліп, Ұлттық палата басшылығына жеткізілетіндігіне сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер