«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

68 қостанайлық кәсіпорын алдағы 2 аптаға карантиндік жеңілдік алды

2021 жылғы 29 Шілде
- Қостанай облысы
7387 просмотров

Өңірде Ashyq лидерлері локдаунға қарамастан демалыс және мереке күндері жұмыс істей алады. Мұндай құқық облыстың бас санитар дәрігердің қаулысында белгіленген. Осындай жеңілдікті беретін статусты қалай алуға болатыны жайында Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары айтты.

 «Жоба лидері статусын жүйе анықтайды. Яғни, мында 2 апта ішінде қанша адам тіркелгені саналады.  Статусты анықтау үшін қатысушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады, оларға объектілерде келушілерді тіркеу саны бойынша жүктеме мәліметтері беріледі. Содан кейін бұл тізім облыс әкімдігінің сайтында жарияланады. Лидерлерге берілетін жеңілдіктер ҚР Бас санитар дәрігерінің № 26 қаулысында жазылған.

Осылайша «қызыл» аймақтағы қатысушылар «сары» аймақтың талаптарымен жұмыс істей алады, «сары» аймақтағы қатысушылар «жасыл» аймақтағы талаптармен жұмыс істей алады, ал «жасыл» аймақтағы қатысушыларға жұмыс кестесі 2 сағатқа ұзартылып, келушілер лимиті 10 пайызға артады», – дейді Қостанай ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

Статусты алу критерийлері түрлі. Қоғамдық тамақтану нысандары, караоке, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, спорт кешендері, сауналар, фитнес-орталықтар, бассейндер, театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар, көрмелер, туристік тасымалдау, океанариум, балалар ойын-сауық орталықтары (жабық нысанды), цирктер 2 апта ішінде 1000-нан астам тіркеу жүргізген кезде «Ashyq лидерлері» статусын алады. Бильярд және боулинг-клубтар, СПА-орталықтар, қонақ үйлер, қонақ үйлер 2 апта ішінде 500-ден астам фиксация жүргізген кезде Ashyq лидерлері қатарына кіреді.

 Қазіргі кезде Қостанай облысында 68 лидер анықталған.

 Өңірде Ashyq жобасы бойынша 2400-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Жобаға қосылуды жоспарлап отырған кәсіпорындар үшін де жақсы жаңалық бар. «Атамекен» ҚР ҰКП Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, QR-кодты алу рәсімін жеңілдетті. Санитар дәрігерлер және «Атамекен» өңірлік өкілдіктерімен мақұлдау процедурасы алынып тасталды. Жобаға қосылам деушілер үшін ҰКП өңірлерде көмек пункттерін ашады, онда кәсіпкерлерге QR-кодтарды ресімдеуге бойыша көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлер жобаға кіру бойынша барлық ақпаратты ҰКП 1432 байланыс орталығына хабарласа алады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер