Ashyq арқылы күн сайын 4 300-ден аса адамнан «қызыл» статус анықталды
Ashyq сайтында QR-код арқылы науқастарды анықтау деңгейі өсіп келе жатыр.
Бұған 1 шілдеден бастап сауда ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар, дүкендердің және басқа бизнес субъектілерінің жобаға жаппай қосылуы негіз болып отыр.
Өткен аптада елімізде күн сайын 175 000 адам статусын онлайн тексерді. ashyq.kz сайтында күніне 4 300-ден аса адамнан «қызыл» статус анықталды.
2021 жылдың 26 шілдесіндегі жағдай бойынша қазір жобаға 21 369 бизнес субъекті қатысып жатыр, 900-ге жуық өтінім қаралып жатыр.
12 сәуірден 26 шілдеге дейін Ashyq-ты 4 000 000 аса адам пайдаланады. 12 120 азаматтан «қызыл» статус, 9 110 азаматтан «жасыл» статус анықталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: