«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

А. Касицын: Еуразиялық интеграция – бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға әкелетін жол

2014 жылғы 11 Мамыр
3574 просмотров

Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Галицкое» ЖШС директоры Александр Касицынның пікірінше, еуразиялық интеграция халықаралық нарықта қатысушы елдердің бәсекеге қабілеттігін нығайтуға септігін тигізеді. ЕЭО-ның перспективалары туралы пікірімен ол BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында бөлісті. 

«Еуразиялық интеграция – халықаралық нарықта қатысушы елдердің бәсекеге қабілеттігін нығайтуға әкелетін жол. Посткеңестік кеңістіктегі елдердің экономикалары әлі күнге дейін бір-бірімен тығыз байланысты екені ешкімге құпия емес. Оның үстіне, бұл өзара байланыс о бастан-ақ әрбірінің экономикалық құрылысының негізіне арқау болған. Еуразиялық экономикалық одақтың перспективалары даусыз – қазіргі заманның сын-қатерлеріне қауымдастықтың үйлестірілген қарсы тұруы», - деді А. Касицын. 

Депутаттың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың ұйымдастырушылары ретінде шыққан елдер – Қазақстан, Ресей және Беларусь тең құқылы экономикалық серіктестерді көрсетеді. Және бұл елдердің өзара әрекеттестігінің нығаюы экономиканың жалпы алаңында оларды жаһанданудың жағымсыз үрдістері мен қаржылық күйзелістерден қорғайды. 

«Жоспарлы экономикалық даму, халықтың әл-ауқатының өсуі – еуразиялық интеграцияның басты мақсаты. Посткеңестік кеңістік мемлекеттерінің бытыраңқылығы оларды нығайтпайды, керісінше әлсіретеді. Еуразиялық интеграция сыртқы экономикалық қысымды төмендетуге, ұзақ жылдар бойы талап етілмеген ұжымдық экономикалық өсімді дамытуға, жаһандық аумақта одақтың позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Өз елімнің патриоты ретінде, агроөнеркәсіптік сектордың өкілі ретінде мен Елбасының Еуразиялық экономикалық одақ ұйымдастыру бойынша бастамасын қолдаймын», - деп атап өтті А. Касицын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер