«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СҚО-да Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істей алады

2021 жылғы 23 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
10880 просмотров

Бұл жеңілдік өңірдің бас санитар дәрігердің бүгінгі №18 қаулысында қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлерге берілді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметов атап өткендей, палата бұл мәселені облыс прокуратурасымен бірге COVID-19 вирусының таралауына жол бермеу жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның жақында өткен отырысында көтерді.

 «Өткен аптада біздің алаңда СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығымен кездестік, онда Ashyq жобасымен жұмыс істейтін кафе, мейрамханалар, жазғы алаңдар, кофеханаларға жұмыс істеу уақытын ұзарту мәселесі талқыланды. Кәсіпкерлер қабылданған шектеулерге наразылық білдірді. Олардың қызметін түнгі 2-ден кешкі 8-ге дейін қысқартты. Бұл наразылық орынды. Біріншіден, олар Ashyq жобасымен жұмыс істейді, екіншіден, олардың көбі ұжымының 100 пайызына вакцина салдырған. Облыстық прокуратураның белсенді қолдауымен бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылды, комиссия бізді қолдады, нәтижесінде бүгін Бас санитар дәрігер бұл жеңілдікті қабылдады», – деп атап өтті Әлібек Ашметов.

 Қаулыға сәйкес:

  1. Ashyq жобасына қатыспайтын мейрамхана, кафе типіндегі қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 9-дан 20:00-ге дейін шектеледі, толымдылық шегі 50%-дан артық емес, бірақ 30 орыннан артық емес. Ashyq жобасын енгізген ннысандар толымдығы 50%-дан аспайтын, бірақ 50 орыннан артық емес, түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыс істей алады.
  2. Тура осындай принциппен жазғы алаңдар да жұмыс істей алады. Демек жобаға қатыспайтын нысандар сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жоба қатысушылары сағат түнгі 02:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Қаулы басқа бизнес салаларына бірқатар шектеу белгіледі.

 -сенбі және жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық азық-түліктік емес базарлар, сауналар, СПА-орталықтары, бассейндер, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтар қызметін тоқтатады.

 -мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары және филармониялардың қызметі тоқтайды, жобаға қатыспайтын нысандар үшін Ashyq жобасын енгізген объектілер толымдылығы 30%-дан аспаған кезде жұмыс істей алады.

 -ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда орындарының жұмысы 9-дан 18:00-ге дейін шектеледі, толымдылық – 50 пайыздан аспайды.

  -алдын ала жазылу бойынша медициналық орталықтар, кабинеттер, тіс емдеу қызметіне жұмыс істеуге рұқсат.

- көрермен қатысуымен спорт іс-шараларына тыйм салынады.

-балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында кезекші сыныптарға жұмыс істеу рұқсат, бала саны 15 баладан аспауы керек, балалар түзету кабинеттері, балалар мен ересектер білім беру орталықтарының жұмысына алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топ толтырылған жағдайда рұқсат етіледі.

  -сұлулық салондары, шаштараз қызметі алдын ала жазылумен.

-банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелері 9-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер