«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мақсаты биік шаруа қожалығы

2021 жылғы 23 Шілде
- Павлодар облысы
4200 просмотров

«Бірлік бар жерде, тірлік бар», «Ағайын тату болса ас көп». Бұл сөзді аузы дуалы бабаларымыз айтқан болатын. Айтып қана қоймай өмірлік ұстанымдарына айналдырған. Бүгінде осы қағиданы берік ұстанып, бірлесе жұмыс істеп жатқан ауыл азаматтары көп. Солардың қатарында Есілбай ауылындағы ағайынды Мәшеновтер де бар.

Аталған ауылдағы «Мәшенов» шаруа қожалығы бүгінде нарық талабына бейімделіп, табысты жұмыс істеп келе жатқан шаруа қожалығы. Жұмысы тиянақты, шаруасы ширақ. Қожалықтың жетекшісі – Мәшенов Телжан Нәжмиденұлы іскер азамат.

«Осы Есілбай ауылында туып өстім. Одан кейін колледж бітіріп, қалада жұмыс істедім. Шынын айтайын, қалада тіршілігі ұнамады. Ауылға көшіп келіп, 2013 жылы «Мәшенов» шаруа қожалығын құрдым. Біз бес ағайынды азаматпыз. Барлығымыз бірігіп жұмыс істедік. Жұмысымыз жыл өткен сайын жақсара түсті», – деп атап өтті Телжан Нәжмиденұлы.

 Өткен аптада кәсіпкерлер палатасының директоры Баян Омаровамен бірге Есілбай ауылында болып, шаруа қожалығының жұмысымен таныстық. Бүгінде қожалықтың малы жайлауда. Атап өтерлігі шаруа қожалығы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды кәдеге жаратады. Шаруа жайылымды суландыру бағдарламасы аясында жұмыс істеп, күннен қуат алатын панелдер мен көшпелі вагон алған. Бүгінде шалғайдағы жайлаудағы үйінде электр қуаты бар, спутниктік теледидар да, интернет желісі де, ұялы байланыс та жұмыс істейді. Мұның барлығына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың нәтижесінде қол жеткізген.

«Бірлік бар жерде, тірлік бар», «Ағайын тату болса ас көп». Бұл сөзді аузы дуалы бабаларымыз айтқан болатын. Айтып қана қоймай өмірлік ұстанымдарына айналдырған. Бүгінде осы қағиданы берік ұстанып, бірлесе жұмыс істеп жатқан ауыл азаматтары көп. Солардың қатарында Есілбай ауылындағы ағайынды Мәшеновтер де бар.

Бүгінде қожалықтың иелігінде қазақтың ақбас тұқымына жататын 150 бас қара малы, бұған қоса 100 бас жылқысы мен 100 бас қойы бар. 1200 гектар жайылымдық, 500 гектар шабындық жері мал бағып, жем-шөбін дайындауға қолайлы. Мал азығын дайындайтын 3 тракторы бар. Телжан Мәшенов шаруа қожалығын дамыту жоспары бар екенін де айтты. Ірі қара малдың тұқымын асылдандыруды жалғастырып, асыл тұқымды шаруашылық құрмақ жоспарлары бар екенін айтты. Сонымен қатар құнарлы мал азығын дайындау үшін, егін салу жоспарлары бар екенін айтты. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы шаруашылықты дамытуға бағытталған бизнес жобаларға қолдау болатынын айтып отыр. Мал басын асылдандыру – ауыл шаруашылығын дамытудағы басты міндет. Әрине, мұндай нақты жоба болса, үкімет қолдайды. Түйіндей айтқанда, «Мәшенов» шаруа қожалығының алдына қойған мақсаты биік.

Ажар Алтай

 Суретті түсірген Н. Мерқұлов


Еншілес ұйымдар

Серіктестер