«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

РЕСМИ ТІРКЕУДЕН ӨТКЕН МАЛДАРЫ БАР КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ШАРУАЛАРҒА ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

2021 жылғы 14 Шілде
- Маңғыстау облысы
12309 просмотров

Қуаңшылық қысқан Маңғыстауда төтенше жағдай жарияланбайтын сыңайлы. Өңірге арнайы сапармен келіп, шаруалармен кездескен су жаңа  ауылшаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашүкеев бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Министрлік әкімдікке, ал заң Президентке сілтеп отыр.  Малдары қырылып, Үкіметтен үміт күткендердің үміті ақтала ма? 
Жәнібек Қожық, Онды ауылының тұрғыны: -Қазір Төтенше жағдай болмайды, қиын дегенмен өздерің жариялауға мәжбүр боласыңдар. Сондықтан да «Қыс келеді қырыңнан, қамыңды же бұрыннан» дейді. Халыққа бос сөз кқажеті жоқ. Халыққа нақты іс керек.
Қуаңшылық қысып, малдары арам өлген қараша халықтың мұңы осындай. Жем-шөп тасымалдау шарасы ұйымдастырылды десек те, жайылым көрмеген малға қиын. Шалғай ауылдарға жем-шөп жетпей жатыр, баға аспандап барады.  Отар қойды, үйір жылқыны аман алып қалу шаруаларға оңай болмай тұр.   
Әбен Кенжебаев, шаруа:
-Жағдайымыз төмен. Жер болса мынау, шөптің тұрыстары  мынау. Шөп 1500 тг. Жем 1500- нан. 10 кг сұлы 3 мыңнан асады. Түскен пенсияға жем алып. Әуелі өзімізге қалғанын малымыздың аузына беріп жатырмыз.  Өлген малдар көп. Өліп жатыр.
Шаруалардағы басты мәселе- малдарын арнайы базаға ресми тәркелмеуі. Бір дана чип орнату 700 тг тұрады. Оны қымбат көрген халық тіркеусіз өсіріп келеді. Мемлекеттен көмек алғанда олар есепке кірмей қалатыны тағы бар. Қазір ресми деректерде қырылған мал саны 1 жарым мыңға жетті. Шынтуайтында екі есе көп.     
Ербол Қарашүкеев, ҚР ауылшаруашылығы министрінің міндетін атқарушы:
-1, 9 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Ол ақша мына шаруашылық қожалықтарына сатып алынған шөп арпа бидай арзандатытулына өздері береді. Жергілікті әкімшіліктер. Осы аптаның аяғына дейін ақша түседі деп ойлаймын. Процедураға  сәйкес, жергілікті әкімшілік облыстық  әкімшілік комиссия құрып, тізімді бекітіп сол ақшаны әрбір жеке шаруа қожалықтарына ақшаны тарату басталады.
Алмасбек Садырбаев,«Шопан ата» ұлттық мал өсірушілер: қауымдастығының төрағасы
-Шыныменде қомақты сомма болып есептеледі. Бірақ 1 млд  900 млн алып осы жерде ресми тіркелген 400 мың малға бөлетін болсақ, әр малға шамамен 5 мың теңге. Бұл қаражат бүкіл малдың қыстық азығы ма, көктемдік пе, күздік азығыма белгісіз. Жаңағы сома Маңғыстауға жеткіліксіз.
Өйткені Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында мал басына шаққандағы субсидия 30 мыңға жетіп жығылады. Шаруаларды өзге өңірлерге көшіру де ұсынылды. Оған үлкен күш керек. Шаруалар төтенше жағдай жариялануын бірауыздан сұрады. Сонда көптеген мәселенің шешімі табылар еді. Мұны Министр әкімдіктің құзыретінде десе, заң Президентті нұсқайды. Ендігі үміт Президентте.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер