НПП_Atameken_bot: «Атамекен» кәсіпкерлерге арналған Telegram-бот қызметін іске қосты
Telegram-бот бизнес өкілдері мен тұрғындарға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы мен жобалары туралы ақпарат береді. Виртуалды көмекшіні НПП_Atameken_bot Telegram-каналы арқылы пайдалануға болады.
Telegram-бот көмегімен «Атамекен» ҰКП жайында негізгі ақпаратты, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының байланыс деректерін табуға болады. Бұдан бөлек виртуалды көмекші InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы ақпарат береді, сондай-ақ, «Ashyq жобасына қалай қатысуға болады», «Сатып алудың бірыңғай терезесінің» пайдасы қандай, «Бастау Бизнес» жобасына қатысу үшін не істеу керек» деген сұрақтарға жауап береді.
«Атамекен» қызметіне шағымды қалай жіберу керегін көрсететін арнайы бөлім де бар.
НПП_Atameken_bot қызметі ақпараттың өзгеруіне және кәсіпкерлерден түскен өтінімдерге қарай толықтырылып отырады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: