«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» бизнестің қатаң карантиндегі жұмыс алгоритмін ұсынды

2021 жылғы 14 Шілде
9999 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 14 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке бизнестің қатаң карантиндегі жұмыс алгоритмін ұсынды.

Бүгін ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Атырау облыстарында қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Жұмыс күндері кәсіпкерлік объектілері жұмыс уақытын қысқартады, демалыс күндері қызметін тоқтата тұруға мәжбүр болады. ВАК-тың мұндай шешімі осы өңірлердің көптеген бизнес субъектіне әсер етеді. Карантин шаралары қатаңдатылса, 225 мың бизнес субъекті зардап шегеді. Бұл төрт өңірдегі бизнестің 65%-ын құрап отыр.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар, 14 шілдедегі ВАК отырысының қорытындысы бойынша Палатаның ұсынысын жолдайды:

1. Вакциналау бойынша ынталандыру шаралар ретінде бизнес субъектілеріне рұқсат ету критерийлерін белгілеу:
 - Ұжымның 50% және одан да көп қызметкері вакцина салдырған, Ashyq жобасы арқылы адал қызмет ететін кәсіпорындарға шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік беру;
 - Ashyq жобасы арқылы адал қызмет ететін, вакциналау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпорындарға Ashyq жобасымен алдағы эпидемиологиялық аймақ шарттарында жұмыс істеуге рұқсат беру; 

2. Ashyq жобасын барлық саладағы барлық бизнес субъектілеріне тарату.
3. Сауда ойын-сауық орталықтары/сауда үйлері және базарлардың кіреберісінде Аshyq қосымшасы арқылы статусты тексеретін жүйелерді (турникеттер) пайдалану ұсынылады. Егер Ashyq-тағы жеке статусы «қызыл» немесе «сары» болса, онда турникет нысанға кіру үшін бұғатталады. Бұл шара қолданыстағы санитарлық талаптарға қосымшга ретінде  сауда ойын-сауық орталықтары/сауда үйлеріне кіру тобын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  
4. Бизнесті көбірек тарту үшін Ashyq жобасына кіру алгоритмдерін оңайлату және мерзімін қысқарту: өтінімдерді санитар дәрігерлердің келісуін алып тастау, қауымдастықтар арқылы өтінім беруді алып тастау және цифрлық мобильді қосымшаларды барынша көбірек пайдалану;
5.  Өңірлердің бас санитар дәрігерлерінің Ashyq жобасына қатысушылар үшін қосымша шектеулер енгізу мүмкіндігін болдырмау;
6. Мәскеу қаласы үкіметінің инфекция таралуына қарсы тәжірибесін қолдану – онда бизнеске жұмыс істеуге тыйым салынбайды, оның ішінде демалыс күндері де санитарлық талаптардың сақталуы үшін жауапкершілік халыққа жүктеледі. Бұл вакциналауды ынталандырады. 

Мәскеу билігі мейрамханалар мен дәмханаларда «COVID-19-дан босатылған аймақтар» ұйымдастырды. Бұл тәжірибе тек вакцина салдырған қызметкерлерге жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал келуші вакцина салдыруы немесе ауырып жазылған азаматтарда антидене болуы керек. Заңбұзушылық анықталған жағдайда мейрамханалар пилоттан шығарылады.

Ұлттық палата бұл шаралар кәсіпкерлерге жұмыс режимін сақтауға, сондай-ақ вакциналау науқанын ынталандыруға және келушілер мен клиенттердің карантинді сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімді. Бұл ретте Ұлттық палатаның ұсыныстары тек Ashyq жобасының адал қатысушыларына қатысты қолданылатынына назар аударады.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес қызметкерлері үшін вакциналаудың белгіленген міндетті мерзімін ұзарту мәселесін бірнеше рет көтерді. Қазір бұл ұсынысты Үкімет мүшелері қарастырып жатыр.

ВАК шешіміне сәйкес, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында мынадай қосымша шектеулер енгізілді:

 Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда,

- қалааралық, облыс ішіндегі, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары;

- жабық жағажайлар мен аквапарктердің, аттракциондардың қызметі тоқтатылады.

Демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан,

  • қоғамдық көлік, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
  • қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттар (тамақ жеткізу қызметіне рұқсат етіледі);
  • фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорт-сауықтыру нысандары, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, бассейндер;
  • кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер;
  • ауданы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер, ашық және жабық базарлар;
  • компьютер клубтары, боулингтер, бильярдтар, караоке, түнгі клубтар;
  • білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың ойын-сауық орталықтары;
  •  банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелер, діни объектілердің жұмысына тыйым салынады.

Жұмыс күндері 17.00-ге дейін

  • балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық ғимараттағы аттракциондар);
  • СОСО, сауда үйлері, сауда желілері;
  • ашық және жабық базарлардың қызметі шектелген.

Жұмыс күндері 17.00-ге дейін (Ashyq қатысушылары – сағат 20.00-ге дейін)

  • қоғамдық тамақтану объектілері, фудкордтар;
  • фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорт-сауықтыру объектілері;
  • сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, бассейндер;
  • кинотеатрлардың қызметі шектеледі.

Вакцина салдырған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан азаматтарды қоспағанда, барлық ұйымның 80% қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер