«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАҚ БРЕНДІН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ИЕЛЕНУГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

2021 жылғы 13 Шілде
- Жамбыл облысы
5397 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иелену байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды

Байқаудың негізгі мақсаты – отандық компанияны ынталандыру және экспортқа шығаруда сапасы жоғары өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ брендімен таныстыру, шетелдегі танымалдылығын арттыру.

«Ұлы дала елі» ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарыққа шығарып отырған отандық үздік тауар өндірушілерге табысталады.

Байқауға қатысушылар келесі критерийлерге сай болулары қажет:

  • Экспорт көлемінің үлесі өнімнің бір түрінің жалпы өндірісі көлемінен 10%-дан кем емес;
  • Тауар өндіру, қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесі (кемінде 30%);
  • Халықаралық бизнес-қоғамдастықтарға мүше болу;
  • Лицензия, рұқсат, патенттердің болуы;
  • Халықаралық марапатар, дипломдардың болуы;
  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша (бизнесті жауапты жүргізу) қаржылай емес есептілікті жариялау тәжірибесінің болуы;
  • Сауда маркасының танымалдылығы, берілген портфолио бойынша комипанияның жағымды имджінің қалыптасуы (мақұлданады).

Байқауға жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады, оған қойылатын талап:

  • Нарықта кемінде 3 жыл қызмет атқаруы керек;
  • Таратылу кезеңінде емес, банкрот деп танылмаған;
  • Өтінімде дұрыс мәліметтерді көрсеткен;
  • Комиссияға кәсіпорынмен танысуға мүмкіншілік жасау (кәсіпорынның қаражаты есебінен).

Байқаудың өткізілу тәртібі:

  • Байқауға қатысуға ынталы компаниялар 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ережеге сай рәсімделген өтінім мен материалды (сканерленген) info@ulydalaeli.kz электронды почтасына жолдаулары керек;
  • Комиссия Байқауға қатысушылардың өтінімдерін қарайды және жапы өтінім ішінен 12 үміткерді іріктеп алады;
  • Комиссия бірнеше топқа бөлініп, өтінімде берілген ақпараттың растылығын тексеру үшін кәсіпорындарды аралайды (олардың есебінен);
  • Комиссия зерттеу нәтижесі бойынша іріктеудің келесі кезеңіне өткен 6 үміткерді анықтайды;
  • 6 үміткердің тізімі онлайн-дауыс беру үшін «Атамекен» интернет-ресурсында жарияланады;
  • Ең көп дауыс жинаған компаниялар (үштен көп емес) «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығына ие болады;
  • Байқау лауреаттарына «Ұлы дала елі» ортақ брендінің эмблемасы мен диплом салтанатты түрде табысталады;
  • «Ұлы дала елі» ортақ бренді жарнамалық мақсатты қолданылу құқығы 5 жылға беріледі.

«Ұлы дала елі» байқауы туралы Ереже бойынша нақты ақпаратпен www.ulydalaeli.kz сайтынан танысуға болады.

Байқауға қатысуға қатысты сауалдармен келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар: 8(7262) 555 913 Нагима Молдахметова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер