«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қосымша құн салығының арнайы есебін енгізу мәселелері талқыланды

2014 жылғы 06 Мамыр
8171 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚҚС қайтарудың күрделі мәселелері жөніндегі кәсіпкерлік сектордың ұсыныстарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде ҚҚС қайтару мәселелерін реттейтін салық заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі түзетулер талқыланды. Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР ҚМ Салық комитетінің өкілдері ҚҚС арнайы есебін енгізу ерекшеліктері туралы презентациясы таныстырылды.

Талқылауға мемлекеттік органдардың (ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), ҚР ҚМ Салық комитеті) өкілдері мен басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлер мен қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша салық заңнамасының өзгертілген редакциясы сәйкес мемлекеттік органдарға қарастыруға жіберілді. Келесі отырыс 2014 жылдың 14 мамырына белгіленді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер