«Атамекен» оқытушыларға кәсіпкерлік және бизнес негіздері бойынша курсты бастады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курсының бірінші легін бастады.
Оқуға қатысушылар – жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері. Биыл оқуға 1,5 мың педагог қатысады деп жоспарланған.
Курсы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасын игеру, кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамыту, ситуациялық талдау әдісі негізінде оқыту техникасын пайдалану, оқу процесінің геймификациясына бағытталған. Сонымен қатар тәлімгерлер ресурстарды жоспарлау және пайдалану әдістері мен формаларын қолдануға үйретеді.
Оқудың алғашқы легі 7 шілдеде басталып, 23 шілдеге дейін жалғасады. Оқу аяқталған соң сертификаттар беріледі.
Курс туралы толық ақпарат алу үшін адами капиталды дамыту департаментіне хабарласуға болады, тел: 8-7172-919-343, ішкі: 1977
Пікір қалдыру:
Пікірлер: