«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жем-шөп дайындау бойынша жұмыстар

2021 жылғы 02 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
8151 просмотров

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы мүдделі органдармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жануарларына жем-шөп дайындау мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, бүгінгі күні 2021-2022 жылдарға алдағы қыстауға 924,0 мың шартты мал басына жем-шөпке күтілетін қажеттілік 1826,0 мың тоннаны құрайды.

Үстіміздегі жылы құнды азық ретінде жедел деректер бойынша 31,9 мың га жемшөп, оның ішінде көпжылдық шөптер – 15,6 мың га, біржылдық шөптер – 15,0 мың га, сүрлемге жүгері – 1,4 мың га егілді.

Бұдан басқа, 145,5 мың га алаңда өткен жылдардың көпжылдық шөптерінің егістіктері бар.

БҚО ӨКП сарапшысы Наталья Недовизий ақпаратпен бөлісті:

«Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығын өндірушілер суды үнемдейтін технологияларға көшуде. Соңғы жылдары облыстағы қожалықтар ескі суару жүйелерін жөндеп, оларды суды үнемдеуге көмектесетін жаңа жаңбырлату машиналарға ауыстырып жатыр.  Атап айтқанда, Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала және Жанғали аудандарда 2,6 мың гектар жерде  жобалық құны 1532,0 млн. теңге болатын жаңбырлатқыш машиналарды суару үшін пайдалану жоспарлануда».

 Жем-шөп дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың көрнекі мысалдарының бірі ретінде Бөкей ордасы ауданын атап айтуға болады. Онда «Боранбаев» шаруа қожалығы 500 гектар жерге жем-шөп егіп, осы жерді 10 шақырымды 3 қатарлы сыммен электронды бақташымен қоршап алды. Нәтижесінде судан шөбін бірінші орымында 1 гектардан 20 центнер өнім алды.

Анықтама үшін: шаруашылық шөп шабу науқанына кірісті, жедел деректер бойынша 167,0 мың тонна орылған, орташа өнімділік 3,8 ц/га құрады. Шөп шабу кезеңінде  3,0 мың техника бірлігі тартылады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер