«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанайда 28 нысан шектеуден кейін Ashyq жобасына қайта қосылды

2021 жылғы 29 Маусым
- Қостанай облысы
7811 просмотров

Бұл туралы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов хабарлады. Кәсіпорындар келушілер санын мүлде тіркемеу салдарынан Ashyq жобасынан шығарылған. Екі апта өткен соң нысандар жобаға қайта қосылды.

 «Қазіргі таңда 28 нысан Ashyq жобасына қайта қосылды, тағы 21 нысан апта соңында жобаға оралады. Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың барлығы жобаға қысып, енді бұзушылықтарға жол бермеуге, яғни әр келушіні трікеп, жұмыс істеге дайын. Біз эпидахуал өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Бизнеске карантинге қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндіктің болуы маңызды, сондықтан қатысушалр саны күн санап өсіп келеді. Қазіргі таңда 574 нысан жобаға қосылған», – деді Мұрат Әбенов.

 Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жасақтауды жалғастыруда. Ashyq қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша бизнес субъектілері 8 7142 394208 және 8 777 268 47 08 телефондары бойынша хабарласа алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында Ashyq жобасы сәуір айында енгізіле бастады. Жоба COVID-19 таралу қаупін азайтуға және келушілер мен нысан персоналын қорғауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бизнеске шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. QR коды мен ПТР-дің ортақ базасымен біріктірілуі арқылы қосымша келушінің статусын: ол вирустың тасымалдаушысы ма, жоқ па,  анықтайды.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.  «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер