«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

2021 жылғы 28 Маусым
- Жетісу облысы
7594 просмотров

Алматы облысының Ескелді ауданында «Жетісу – Ұлы Жібек жолының бас қақпасы» атты қолөнер шеберлерінің қайырмдылық көрме-жәрмеңкесі өтті. Бүкіл облыстан 20-дан астам шебер қолөнердің бұйымдары мен заттарын көпшілік назарына ұсынды.

 Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрмені Ескелді ауданының әкімдігі «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі, Алматы облысының іскер әйелдер кеңесі, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен, «Алпамыс» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

«Көрме мақсаты – халық қолөерін дәріптеу, оны көпшілік арасында өзекті ету және қолөнер шеберлеріне тәжірибе алмасу және дағдыларымен бөлісу үшін алаң ұйымдастыру. Шеберлердің көбі мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары, осындай қолдау көмегімен олар өз кәсібін дамытып, шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар шеберлер ұлттық қолөнерді сақтап қалу үшін ата кәсіпке өз балалары мен немерелерін үйретуде. Көптеген шебер Бакирова Динара Серікқызының жетекшілігіндегі «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық ұйымына бірігіп, ұлттық өнерді бұқараға жұмыла насихаттауы қуантады», – деп атап өтті Алматы облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова.

Салтанатты жиында аудан әкімі Рустам Әли ұлттық қолөнер шеберлігіндегі үлкен әлеует барын атап өтті.

 «Халық қолөнер шеберлігі ұлттық мәдениет пен туризм индустриясының ажырамас бөлігі. Елімізде туризмнің дамуын ескере отырып, туристік орындардың танымалдығы артып, қолөнер кең тарала бастайды. Бұл оң процесс тек күшейе түседі және ұлттық қолөнерді ілгерілету үшін түрлі алаңдарды ұсына отырып, жаңа деңгейге көтеруіміз керек», – деді Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли.

Жәрмеңкеге бүкіл облыстан 20-дан астам шебер қатысты, олар түрлі зергерлік, киіз және жібектен жасалған бұйымдар, текстиль және тоқыма, былғарыдан тігілген заттар, музыкалық аспаптар, ат әбзелі, картиналарды қойды. Көрмеден кейін жиналған қаражаттың бір бөлігі киіз бұйымдарына шикізат сатып алу үшін ерекше қажеттіліктері бар шеберлерге көмекке жіберілетін болады.

 Жәрмеңкеге қатысушылардың бірі, Талдықорған қаласының тұрғыны – Сәуле Жүлекеева. Сәуле – ұлттық нақышта әшекей жасау шебері.

«Зергерлік бұйымдарды табиғи тастардан жасаймын. Идея мен дизайнды өзім ойлап табамын. Түрлі техникадағы жұмыстардан шабыт аламын. Барлық бұйымдарды шығыс елдері және ұлттық нақышта жасалады. Әр брошь қайталанбайды, өйткені қолдан жасалады, әр бұйымға жанымның, жылулық пен сүйіспеншіліктің бір бөлігін саламын», – дейді шебер.

 

 Сарқан ауданының тумасы Светлана Бестюбаева көрмеге алғаш рет қатысып жатыр. Шебер үйге арналған заттар – қыз жасауы, құрақ көрпелер, жастықтар мен кілемшелерді жасайды.

 «Мен бес жыл бұрын көрпе тіге бастадым, өз қыздарыма жасау дайындадым. Көрпелерімді көрген туған-туыс, көршілер маған тапсырыс жасай бастады. Осындай ермек нағыз кәсіпке айналды. Мен «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыдым, грант алдым. Осы қаражатқа тігін машинасы мен құралдарды сатып алдым. Осыдан бастап кәсіп дөңгелетіп келемін. Бүгінгі көрмеде басқа шеберлермен тәжірибе алмастым»,  – дейді Светлана Бестюбаева.

Сондай-ақ, жәрмеңкеде Талдықорған қаласының volunteers_kaz_eco_patrol экологиялық белсенділері табиғатқа, экологияға ұқыпты қарау тақырыбына сөз сөйлеп, жәрмеңке өткізуге белсене қатысты.

Көрме жұмысы аясында шеберлік сабақтары, ұлттық киімдердің көрсетілімі, би бойынша республикалық чемпионаттың жүлдегері, Аслан Мұртазалиев пен хореограф Яна Сайдуллаеваның жетекшілігімен атақты «Горец» би ансамблінің концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында көрме қатысушыларына Ескелді ауданы әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер