Құрылыс компанияларына жоба құнын өзгерту мүмкіндігі беріледі
2021 жылғы 24 маусымда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысы шеңберінде бюджет есебінен қаржыландырылатын нысандар құрылысы құнының қымбаттауына қатысты проблемалық мәселелер қаралды.
«Атамекен» аталған жиынды Ұлттық палата атына еліміздің барлық өңірлерінен салалық қауымдастықтар мен мердігерлік ұйымдардың көптеген өтініштерінің келіп түсуіне байланысты ұйымдастырды. Салалық қауымдастықтар мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері қаржыны көп қажет ететін құрылыс материалдары бағасының өсуіне едәуір алаңдаушылық білдіруде, өйткені құрылыс материалдарының қыбаттауы құрылыс құнының өсуіне әкеп соғатыны сөзсіз. Іске асырылатын жобалардың аяқталмауы, құрылыстың жоспарланған мерзімдерінің бұзылуы және мердігерлік ұйымдардың шығындары тәуекелдерін болдырмау үшін жобалардың құнына түзету енгізу талап етіледі.
Анықтама: қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мердігер егер оған байланысты емес себептер бойынша жұмыстардың құны сметадан кемінде 10%-ға асып кетсе, сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.
Түзетілімнің бекітілген тәртібі айтарлықтай күрделі әрі ұзақ мерзімді процедура, іс жүзінде оны жүргізу 6 айдан астам уақытты қажет етеді. «Атамекен» ҰКП осыған байланысты Үкіметке шұғыл режимде түзету жүргізу мүмкіндігін қарастыру өтінішімен жүгінді.
Өз кезегінде уәкілетті орган (ҚР ИИДМ) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, сметалық құны 10%-дан аса қымбаттаған құрылыс жобаларына жедел түзету жүргізу алгоритмін ұсынды.
Ұсынылған алгоритмге сәйкес бірінші кезеңде түзетілімге жататын нысандар (бүгінгі күні қолданыстағы ресурстық-сметалық нормативтік базаға сәйкес сметаның 10%-дан асып кетуі) тізбесін қалыптастыру, ары қарай қаржы аудитын және бюджет комиссиясының жиындарын өткізу жоспарланған.
Сметалық құжаттаманы негізгі бағақұрушы материалдар (техникалық бөлігін өзгертпей) бойынша түзету оңайлатылған процедура бойынша жүргізіледі.
Осыған байланысты бюджет қаражатынан қаржыландырылатын құрылыс жобаларын іске асырып жатқан мердігер компанияларына құрылыс құнының қымбаттауына жедел есептеу жүргізіп, 2021 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге түзету жүргізу бойынша өтінішпен жүгіну қажет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: