«Атамекен» Қазақстан және АӨСШК арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға жәрдемдесуге дайын
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Іскерлік кеңесі төртінші рет онлайн режимде өтіп жатыр.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов және АӨСШК 27 қатысушы елінде шағын және орта бизнесті дамытуға жауапты ұлттық бизнес пен мемлекеттік органдардың негізгі өкілдері қатысты.
Іскерлік кеңестің қатысушылары АӨСШК-тің барлық елдері арасындағы ынтымақтастық әлеуеті айтарлықтай жоғары екенін атап өтті. 2030 жылға қарай 9 жылдан кейін Азия елдері барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Солтүстік Американы басып озбақ.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Ереновтың айтуынша, АӨСШК елдері 4 млрд адамды қамтитын, түрлі мамандықтар, қажеттіліктері бар және ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуде орасан зор әлеуетке ие әртараптандырылған нарықтар шоғыры.
Спикер Ұлттық палата жер телімдерін бөлу, технологиялар мен адами ресурстар трансфері, қаржыландыру, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы болсын, АӨСШК-нің барлық мүшелері үшін Қазақстан аумағында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін құруға жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда өз рөлін бағдарлап отыр. ҰКП Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жергілікті деңгейде жүргізілген реформаларды сапалы іске асыру және Қазақстандағы іскерлік ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Ұлттық палата ЕАЭО-ның бизнес мүддесіне қатысты қызметінің барлық бағыттарындағы жұмысқа жұмылдырылған. Палата өкілдері Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025-жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын пысықтау жұмысына қатысып жатыр.
Бұдан бөлек, Іскерлік кеңестің екікүндік жұмысы кезінде Ресей Федерациясы, Таиланд және Бангладештің бизнесті қолдау тәжірибесі мен инвестициялық мүмкіндіктері зерделенді; Вьетнам-ЕО сауданы қолдау орталығы таныстырылды; түрік құрылыс компанияларының мүмкіндіктері және қытай сауда палатасынан, TEDA Suez Қытай-Мысыр экономикалық және сауда ынтымақтастық аймағынан және CITIC Construction компаниясы тарапынан ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: