«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау бойынша «Өмір жолы» жобасын жүзеге асыруда

2014 жылғы 06 Мамыр
8686 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау бойынша «Өмір жолы» жобасын бастап кетті.

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру Астана және Алматы қалаларындағы Ұлы Отан соғысының 150 ардагерін «Өмір жолы» жаңа ақпараттық жүйесі қызметіне қосумен басталды.

Бұл туралы ҰКП орталық кеңсесінде Ұлттық палата төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және «Өмір жолы» жобасының өкілі Ілияс Оморовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Нұржан Әлтаевтың мәлімдеуінше, жабдықтарды сатып алу мен алғашқы 150 соғыс ардагерін «Өмір жолы» жүйесіне қосудан басқа, ҰКП Қазақстанның бизнес-қауымдастығының қолдауымен олардың жылдық абоненттік төлемін төлеп берді. Қазіргі кезде мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру органдарын осы жобаға тарту арқылы барлық облыс орталықтарындағы соғыс ардагерлерін осы тәуліктік қызметке қосу туралы мәселе талқылануда.

«Өмір жолы» - бұл қарттар және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жедел жәрдем шақырудың тәуліктік қызметі. Төтенше жағдайда батырманы басқанда немесе құрылғы жұмыс істеген кезде, дабыл автоматты түрде тәуліктік Көмек орталығына түседі. Сол кезде оператор симптоматика және жеке денсаулық паспортындағы мәліметтер бойынша жедел жәрдем, ТЖМ және басқа қызметтерді шақыртуға шешім қабылдап, науқастың туыстары мен көршілеріне хабарлайды, қажетті көмек көрсетудің барысын қадағалайды.

«Өмір жолы» әлеуметтік жобасы 2013 жылы «Atameken Start-up» бизнес-ой байқауында бірінші орын алғаннан кейін, оны Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таңдап алған болатын.

ҚР ҰКП Қазақстанның бизнес-қауымдастығынан «Өмір жолы» жобасын қолдауды сұрап отыр. Биыл және келесі жыл ішінде Қазақстан Республикасындағы Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері осы әлеуметтік жобаға қатыстырылады деп болжануда. Жобаны қаржыландыру сомасына жабдықтар мен қызмет көрсетудің алғашқы жылы үшін абоненттік төлем құны кіреді, ал кейінгі шығындарды «Өмір жолы» жобасының ұйымдастырушылары өз міндеттеріне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер