«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕЭО аясында бизнес құқығын шектейтiн шешiмдерге вето салынады

2014 жылғы 06 Мамыр
4015 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бизнес құқығын шектейтiн шешiмдерге қатысушы мемлекеттердiң кез келгені вето сала алады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң бiрiншi орынбасары Альберт Рау мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Қол қойылатын келiсiм бұған дейiн қол жеткiзiлген келiсiмдердiң кодификациясын ретке келтiру болып табылады. Бiз өткен мерзiм iшiнде Кеден одағы аясында жинақтаған тәжiрибемiздi бизнеске қажеттi жағдай жасау, тосқауылдарды алып тастауға пайдаландық, экономикалық мүддiмiздi қорғадық», - дедi А.Рау.

«Әр елдiң өзiнiң өнеркәсiптiк саясаты бар. Бiз өз басымдықтарымыз бен жолымызды өзiмiз таңдаймыз. Оның үстiне жақын арада 2015-2019 жылдарға арналған ҮИИД-2 бағдарламасын қабылдамақпыз. Субсидия бөлу, салық салу – ол әрбiр мемлекеттiң тәуелсiз құқығы», - деп толықтырды өз ойын ол. 

Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң бiрiншi орынбасары бизнес құқығын шектейтiн шешiмдердi ықпалдасу органдарының ешқайсысы қабылдай алмайтынын атап өттi. 

«Мұндай оқиға орын алатын болса, одаққа қатысушы мемлекеттердiң бiрi бұл мәселенi көтерiп, үкiмет ветосын сала алады. Бұл мәселелер қарастырылған», - деп толықтырды өз ойын ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер