«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл шаруашылығын өндіруші банкрот болудан құтқарылды

2021 жылғы 22 Маусым
- Жетісу облысы
4380 просмотров

Алматы облысында ауыл шаруашылығын өндіруші – кәсіпкерге салық салу саласындағы проблеманы шешуге көмек көрсетілді. Соның нәтижесінде компания банкроттықтан құтылды.

«Март Агро» ЖШС компаниясы осы жылдың басында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Белгілі болғандай, бірнеше жыл ішінде компанияда міндетті салық төлемдері бойынша берешегі жинақталған. Қаржылық проблемаларға байланысты ЖШС қарызды дер кезінде өтей алмады.

 Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қанат Қобдиевтің айтуынша, кәсіпкердің мәселесін шешу үшін салық төлеу мерзімін ұзарту механизмін қолдану бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментімен келіссөздер жүргізілді.

 «Келіссөздер нәтижесінде кәсіпкерге салық берешегін өсімақы және айыппұлдарсыз 36 айға бөліп төлеу бойынша кесте құру туралы келісім жасалды. Мемлекеттік кірістер департаменті мәселенің оң шешілуі үшін барынша күш салғанын ерекше атап өткіміз келеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде компания қызметін жандандыра алды», – деді Қанат Қобдиев.

 Айта кетейік, Кәсіпкерлер палатасы «Март Агро» ЖШС-ға басқа да проблемалық мәселелер бойынша, оның ішінде серіктестік мүлкіне ауыртпалықты алып тастау мәселелері бойынша көмек көрсетіп келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер