«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда әуежай мен теміржол вокзалы Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істейді

2021 жылғы 22 Маусым
- Қарағанды облысы
7469 просмотров

 Статистикаға сәйкес, өңірде соңғы екі апта ішінде қосымша көмегімен «қызыл» және «сары» статуспен 700 адам анықталды.

Осы ретте Қазақстан бойынша апта сайын Ashyq қосымшасымен науқас адамның жанында болған немесе індетті жұқтырған 180-нен астам адам анықталады. Қарағанды теміржол вокзалына тәулігіне 11 мыңға жуық адам келіп-кетеді. Күніне перроннан 30 бірлікке дейін пойыз аттанады. Жаңа қосымша көмегімен вокзалдың күту залында қазір біршама қауіпсіз, жолаушылар мен клиенттер коронавирустық инфекциядан мейілінше қорғалған.

 «Бізде теміржол вокзалына адамдар пойыз аттанарға дейін бірнеше сағат ерте келеді, көбі күту залында отырады.  Енді біз вокзалға қандай жолаушы келгенін, коронавирусты жұқтырған ба жоқ па, нақты білеміз. «Сары» және «қызыл» статусы бар адамдарды вокзалға кіргізбейміз. Мұндай шара жолаушылармен қатар, персоналдың денсаулығын сақтауға көмектеседі», – дейді вокзал басшысының кезекші көмекшісі Бақыт Игібаева.

 Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Азамат Даненбаев Ashyq қосымшасы жұмыс істеген бірнеше ай ішінде өзін жақсы жағынан көрсеткенін атап өтті. Бүгінгі таңда қосымшаның әуежай және теміржол вокзалы сияқты стратегиялық маңызды нысандардағы жұмысы – коронавирусты алдын алуда мемлекетке орасан зор көмек. Айта кетейік, Қарағанды әуежайына дейін қосымшаны Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары іске қосты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер