«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәжіліс Ұлттық палатаның жер қатынастарына қатысты ұсынысын ескере отырып, заң жобасын мақұлдады

2021 жылғы 10 Маусым
7380 просмотров

Құжат қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншігіне мораторийді ұзарту, қазақстандықтар үшін осындай жерлерді жалға алу институтын сақтау, жалға алу құқығын иеліктен шығару және жер инспекциясын әкімдіктерден орталық уәкілетті органның қарамағына қайтаруға қатысты өзгерістерді қабылдауды көздейді. Заң жобасында жер заңнамасын жетілдіруге бағытталған маңызды түзетулер бар.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, заң жобасын талқылауға қатысты, сондай-ақ келесі бағыттардағы түзетулерге бастамашы болды:

 - жер иесіне байланысты емес мән-жайлар (бас жоспардың болмауы немесе өзгеруі, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының болмауы не өзгеруі, инженерлік желілердің болмауы) бойынша игерілмеген кезде құрылысқа арналған жерді мәжбүрлеп алып қоюға тыйым салу;

 - әкімдіктердің бос жер учаскелері және жоспарланған сауда-саттықтар (аукциондар) туралы ақпаратты әкімдіктердің интернет-ресурстарында және мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында жариялау бойынша әкімдіктердің міндеттерін белгілеу;

-  шағымдану құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін жер комиссиясының жерге құқық беруден бас тартуына шағымдану тәртібі мен мерзімдерін егжей-тегжейлі регламенттеу;

  - ай сайынғы негізде жер комиссиясы хаттамаларының көшірмелерін өздерінің интернет-ресурстарында жариялау бойынша жер қатынастары бөлімдері мен басқармаларының міндеттерін белгілеу;

 - әкімдіктердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін байқауларға салу жөніндегі міндетін, ол бойынша елді мекен шегінде берілетін жер учаскелеріне ұқсас жерді беруге өтініш түскен жағдайда, 90 күн ішінде белгілеу;

 - жер учаскелерін кәдеге (аукциондарсыз)  асыру үшін оларды беру мақсатында инвестициялық жобалар ретінде жобаларды айқындау үшін критерийлер мен басқа да маңызды түзетулерді белгілейтін НҚА әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз ету.

 «Жұмыс жемісті болды, Ұлттық палата әрі түзетуді сақтап қалуға тырысты, бизнеспен қызу талқылаулар өтті. Мәжілістің жұмыс тобының қатысушыларына өнімді жұмыс пен маңызды өзгерістерді қолдағаны үшін алғыс білдіргіміз келеді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

 Заң жобасын қабылдау және іске асыру арқылы ауыл шаруашылығы жерлері нарғыны дамуына, оларды пайдалануда мемлекеттік бақылауды күшейтуге, жерді беру және алу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

Жақын арада заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауына жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер