«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада өндірістегі тәлімгерлер саны артты

2021 жылғы 07 Маусым
- Астана қаласы
5473 просмотров

 Тағы 12 маман Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасында тиісті оқуды аяқтап,  «Атамекен» ҚР ҰКП Жеткізушілері тізіліміне енді.

 «Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы тәлімгерлер мектебі 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында біз құрылыс, темір жол, лифт шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, сервис, экономика және басқару, сауда, қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру, медицина салалары бойынша 255 тәлімгерді оқыттық. Оқу тегін және дуальді оқытуды енгізудің жол картасы аясында жүзеге асырылады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

Тәлімгерлік мектебін ұйымдастырудың мақсаты кәсіпорындардың кадрлық саясатының маңызды элементі ретінде тәлімгерлік институтын қалыптастыру болып отыр. Институт бірқатар ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге, оның ішінде жаңа қызметкерлерді өндіріске бейімдеу және оқыту, кадрлардың тұрақтамауын төмендету, қызметкерлердің әлеуетін дамытуға көмектеседі.

 Оқуды «Атамекен» ҚР ҰКП және Германиядағы Трир қаласының Қолөнер палатасымен бірлесуі шеңберінде Германияда оқып келген мультипликатор-тренерлер өткізеді. Мультипликаторлардың басты мақсаты – кәсіпорындарға тәлімгерлерді, қатысушыларды оқыту.

 Оқу барсында кино мен мультфильм әлемінен слайдтар, презентациялар, сюжеттер пайдаланылады, осылайша қолайлы, көрнекі атмосфера құрылады.

 Осы жолы оқу тамақтану, қонақ үй бизнесі, сұлулық индустриясы және сауда саласындағы тәлімгерлерге арналды. Жұмыс орнында оқытуды дайындау және өткізу, Қазақстан Республикасында дуальді білім беруді нормативтік-құқықтық базасы сынды тақырыптар талқыланды. Тәжірибелік жұмыс екі топта жүргізілді, әр топ тәлімгердің өндірістік және оқу-өндірістік мәселелерін шешуге арналған іс-әрекеттеріне қатысты өз жобаларын ұсынды. Оқу нәтижесі жазбаша және практикалық жұмыстармен бағаланды.

Семинар соңында қатысушылар тәлімгер сертификатын алды және Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының бұйрығымен «Атамекен» ҚР ҰКП Тәлімгерлер тізіліміне енгізілді.

  Осыған дейін тізілімге келесі кәсіпорындар қосылды: «STAHLBAU металл конструкциялары зауыты» ЖШС, «GLB» ЖШС, «Қамқор Локомотив» Астана локомотив жөндеу депосы ЖШС» филиалы, «Вагонсервис» АҚ, «Вагонсервис» консорциумы, «АРЭК» АҚ, «Шеф-поварлар қауымдастығы» ЖК және ЗТБ, «Отандастар» ЖШС, «ЕсілЛифтСервис» ЖШС, «ЕсильЛифтСервис» ЖШС, «Рембренд» ЖШС, «РуМакс» ЖШС,  RTC Group ЖШС, «Гүлдер» №21 бөбекжай,  «Үміт» №26 бөбекжай,   «Алтын дән» №33 бөбекжай,   «Әдемі» №76 бөбекжай,  «Пайдалиев» ЖК,  «Штейнке» ЖК.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер