«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес» арқылы Тереңкөлде қызмет көрсету саласы дамып келеді

2021 жылғы 07 Маусым
- Павлодар облысы
3345 просмотров

Тереңкөл ауылының тұрғыны Индира  Уртакова  өз ісін   дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер. Ол 2018 жылы «Бастау-Бизнес» курсына қатысып,   қайтарымсыз грант алды.  Қолына сертификат алған Индира қызыл кірпіш жасау ісімен айналысты.

Индира Березовка ауылының тумасы. Қолынан келмейтіні жоқ. Кезінде аспаз, іс-қағаздарды  жүргізу, ЭЕМ операторы сияқты мамандықтарды игерген. Тереңкөл ауылына қоныс аударғанына биыл 11 жыл болыпты. Бастапқы кәсіптен онша пайда түспеген соң, Индира қолда бар қаражатқа  «ГАЗ-53» самосвалдің екі-үш бірлігін сатып алып ауыл тұрғындарына күл- қоқысты шығару қызметін көрсетіп келеді.

Таяуда жеке кәсіпкер отбасылық бизнесін әрі қарай кеңейтуді жоспарлап, мемлекеттік «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 6 пайыздық жеңілдетілген  несие алды.

 Кәсіпкер Индира  бұдан басқа «Бауыржан» азық-түлік дүкенін жалға алып отыр. Сонымен қатар  асенизатор көлігін сатып алыпты. Қазір шағын кәсіп орны  ауылдағы заңды тұлғалармен өзара шарт жасасып,  бүгінде мінсіз сапалы қызмет көрсетіп келеді.

 Қиыншылықтардан қорықпайтын кәсіпкер келіншек жолдасы екеуі  отбасылық бизнесін әрі қарай дамытып, халыққа пайдамыз  тисе екен деп отыр.    

«Жұмыссыз жүрген азаматтарға қазір арнайы «Бастау-Бизнес» оқулары  бизнестің қыр-сырын үйреніп, жеке ісін ашуға жақсы жағдай  жасап отыр.  Бұл әрине үкіметтің халыққа жасап отырған керемет мүмкіндігі. Еліміз  жыл сайын дамып, ауылдық жерлер көркейіп келеді. Жұмыссыздар қатары азайды. Осы күні қандай да  бір кәсіпті бастағың келсе мемлекет тарапынан қолдау табылып жатыр.  Шағын кәсіп ашып, нәпақа тауып отырмын. Төрт балам бар. «Бастау-Бизнес» курсы маған көп нәрсені үйретті. Сондықтан да маған жан-жақты көмек көрсетіп жатқан  Тереңкөл аудандық кәсіпкерлер палатасына  айтар алғысым зор», – дейді тереңкөлдік кәсіпкер.

Индира төрт бала тәрбиелеп отырған бақытты ана. Жастайынан шаруаға пысық екенін айтты. Ауыл  кәсіпкерінің  алға қойған  жоспары да бар. Ол  алдағы уақытта   жеке азық-түлік дүкенін ашқысы келеді. Өздерінің еңбекқорлығы мен жігер, талаптарының арқасында Индира отбасылық кәсіпті жалғастырып, алдағы уақытта бизнесті кеңейтпек ойы бар. Ендеше, Индираға іске сәт дейміз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер