«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Кеден Одағының кедендік заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды

2014 жылғы 04 Мамыр
8521 просмотров

Ағымдағы жылдың 29-30 сәуірінде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Кеден Одағының кедендік заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмысшы топшаның отырысы өтті, оның барысында ағымдағы жылдың 24-29 наурыз аралығында Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексін (Одақтың Кедендік кодексі) дайындау бойынша Сараптау тобының дайындаған материалдары бойынша КО және ЕЭК мүше-мемлекеттері сарапшыларының ұсыныстары талқыланды (16-21 тараулар).

Бизнестің сарапшылары кедендік бақылаудың жаңа формасын – камералды бақылауды орнатуды ұсынды, осылайша кедендік тексеріс формаларынан камералдық кедендік тексерісті алып тастап, оны Кодекстің жеке тарауына бөліп қоймақшы. Бұл ұсыныс Қазақстанның салықтық заңнамасына сәйкестендіру үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдар жүргізетін тексерістердің біркелкілігін орнату үшін жасалды. ҚР мемлекеттік органдарынан сарапшылардың келіспеуіне орай бұл ұсыныс шешім қабылдау үшін басшылар деңгейінде Жұмысшы топшаның отырысына шығарылады, оны үстіміздегі жылдың 6 мамырында өткізу жоспарлануда.

ҚР бизнесінен сарапшылар басшылар деңгейіндегі отырысқа камералды кедендік бақылау нысандары бойынша, ол жүргізілуі мүмкін мерзім, Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен қандай да бір кедендік декларацияға қатысты камералды бақылау жүргізу оқиғалары мен тәртібі орнатылатын сілтемелік норма бойынша келіспеушіліктер шығарылады.

Сарапшылар үстіміздегі жылдың 14 наурызында басшылар деңгейінде өткен Жұмысшы топшаның шешімін орындау мақсатында, Одақтың Кедендік кодексінің 122 бабы 12 тармағының редакциясын осы жылдың 6 мамырына дейін аяқтап бітіруге келісті, онда көрсетілген тармақта берілген ұстаным мақұлданған, атап айтқанда, жазбаша талаптармен орнатылған мерзімде мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды кедендік тексеріс жүргізу кезінде тексерілуші тұлға бермеген жағдайда кедендік декларацияда мәлімденген мәліметтерді дәйексіз деп есептеу.

Сарапшылар бірлесіп Одақтың Кеден кодексінің 200 бабын норма1-мен толықтыру туралы ұсыныс жасап шығарды, ол тауарларды пайдалану және (немесе) иелену бойынша шектеулермен түйіндес әкелінетін кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген, шартты шығарылған тауарлар кедендік органға көрсетілмеуге болатын жағдайларды мүше мемлекеттер заңнамасы орнатуын қарастырады.

Қазақстан бизнесінен сарапшылар Одақтың Кедендік кодексінің 135 бабының 2 тармағы 1) тармақшасын толықтыруды және оны өзге редакцияда баяндауды ұсынды, оған сәйкес тексерілетін тұлға кедендік тексеріс жүргізу кезінде осы Кодекстің 200 бабы 3 тармақшасының екінші абзацында қарастырылған жағдайларды, сондай-ақ жеңілдік берілусіз ішкі тұтыну үшін кедендік процедураға сәйкес шығарылған тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кедендік тексеріс жүргізіліп жатқан тауарларды көрсетуге міндетті.

ҚР бизнесінен сарапшылар басшылар қатысуымен өтетін Жұмыс тобының отырысына кедендік сараптаманы өткізу мерзімі бойынша келіспеушіліктер де шығарылады, көрсетілген мерзімді 20-дан 10 жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылды.

Мемлекеттік органдардан сарапшылардың Одақтың Кедендік кодексіне тәуекел деңгейіне қарай «дәліздер жүйесін» (жасыл, сары және қызыл) қолдануды қарастыратын жаңа «Тауарларды және көлік құралдарын кедендік декларациялау және кедендік бақылауды жүзеге асыруда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану» бабын енгізу туралы ұсынысы қолдау таппады. 

Сарапшылық деңгейдегі Жұмысшы топшаның отырысы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінде осы жылдың 4-5, 11-14 мамыры аралықтарында жалғасады (Министрлер үйі, 7-кіреберіс, 418 бөлме).

ҚР бизнес-қоғамдастықтарын Одақтың Кедендік кодексі жобасын талқылауға белсене ат салысуға шақырамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер