Ұлттық палата Қазақстан және Түрікменстан арасындағы тауар айналымы дамуына атсалысады
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджепов және Түрікменстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының төрағасы Довран Худайбердиевпен кездесті.
Түрікменстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының төрағасы «Атамекен» ҰКП-ның бизнесті дамыту және үкіметпен өзара әрекеттесу саласындағы тәжірибесіне қызығушылық танытты.
Палатаның экспортты қолдау, сертификаттау және бизнес өкілдерін оқыту бойынша қызметі үлкен қызығушылық тудырды. Довран Худайбердиев «Атамекен» ҰКП тәжірибесін, оның ішінде міндетті мүшелік, жоғары оқу орындарын бағалау, мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру бойынша тәжірибесін қабылдауға ниет білдірді.
Абылай Мырзахметов Қазақстан-Түрікменстанның барлық сала, әсересе АӨК және құрылысы сынды ссекторларда экономикалық ынтмақтастығын дамытуға атсалысуға ниет білдірді.
«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының алдағы уақытта Ашхабадта бірлескен сауда үйін құру, визалық қолдауды одан әрі жедел алу үшін экспорттаушылардың тізілімін енгізу туралы ұсынысын түрікмендік әріптестер қолдады.
Іс-шара қорытындысы бойынша жақын арада бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қоя отырып, Түрікменстанның 38% бизнесін шоғырландыратын ірі бизнес-бірлестігі пен «Атамекен» Ұлттық палатасы арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы шешім қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: