ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік-құқықтық актілерді талқылау бойынша бірегей алаңды іске қосты
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) жобаларының сарапшылық тұжырымдарын талқылау бойынша бірегей онлайн-жобасын іске қосуда.
Ашықтығы және техникалық орындау ерекшеліктері бойынша осы жоба Палата жұмысының транспаренттілігін арттырады. Ол Ұлттық палатаға нақты бір уақытта келіп түскен сарапшылық тұжырымдардың барлық өтінімдерін интернетте ашық жариялауды ұсынады.
Енді Интернет жүйесін әрбір пайдаланушы кез келген НҚА жобасын табуға, оның мазмұнымен танысуға және өз пікірін қалдыруға мүмкіндік алады. Осылайша жолбанған нормативтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ берілетін сарапшылық тұжырымдардың сапасына қоғамдық бақылау жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 5-бабына сәйкес бизнес-қоғамдастық бизнес мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысу құқығына ресми түрде ие.
Осыған байланысты, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберуге міндетті.
ҚР ҰКП жұмысының негізгі бағыттарының бірі – кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманы жетілдіруге қатысу екендігін ескерсек, Ұлттық палата құрылған кезден бастап оған келістіруге 700-ден аса НҚА жобалары жіберілген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: