«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО кәсіпкерлері Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасарымен өз мәселелерін талқылады

2014 жылғы 04 Мамыр
8976 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева Шығыс Қазақстан облысында болып қайтты. Ол облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен өткен бизнестің проблемалары жөніндегі жұмысшы кеңесіне қатысты.

Кездесуге облыстың 6 өңірінен кәсіпкерлер келді – Аягөз, Бородулиха, Күршім, Көкпекті, Зырян және Бесқарағай. Ауылдық бизнесмендер, бірінші кезекте, кредит алу, қаржыландыруға байланысты қиыншылықтар туындайтынына назалы. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттың жетіспеуіне байланысты да проблемалар бар.

«Енді Сіздер кез келген мәселе бойынша ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгіне аласыздар. Оның бөлімшелері облыстың барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Жалпы, Ұлттық палата Сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін құрылған. Бизнес саласындағы жүйелік кемшіліктерді жоюға бірігіп жұмыс істейтін боламыз», - деп Гүлнар Құрбанбаева ауылдық кәсіпкерлерді сендірді.

Сондай-ақ ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы, қысқа мерзім ішінде қол жеткізілген жетістіктері туралы айтып берді.

«Бүгінде Палата көптеген бастаулардың алдында тұр. Мысалы, тексерістерді жою бойынша», - деп атап кетті Гүлнар Төретайқызы. Және де тексеруге мораторий жарияланып, мүмкіндік болып тұрғанда, бизнес өкілдерін заңнаманы жетілдіруге белсене қатысуға шақырды.

Гүлнар Құрбанбаева салалық қауымдастықтардың басшыларымен де кездесті. Өңірдің сауда-өнеркәсіп палатасын қызықтырғаны шілде айындағы бірігуден кейінгі Кәсіпкерлер палатасының қызметтер атқаруға қаншалықты дайын екендігі болды.

Тауар өндіруші қауымдастық Палатаны өңірдегі баға белгілеу саясатына араласуын сұрады. «Бұның бәрі бағаны тежеу саясаты. Бүгін ауыл шаруашылығындағы мамандар санының жетіспеуіне наразымыз, бірақ егер біздің саламызда жалақының мөлшері ең төмен болса, кадрларды қалай сақтай аламыз? Бізге бағаны көтеруге мүмкіндік бермей отыр, осының салдарынан барлық сала зардап шегуде», - деп «Агро» облыстық тауар өндірушілер қауымдастығының төрағасы Жомарт Манаков мерзімі жеткен мәселе бойынша өз пікірін айтты.

Кадр жетіспеушілік проблемасы жүйелі шешімді талап етеді деген сенімде кездесудің басқа да қатысушылары. Олар кәсіптік техникалық білім беру туралы заңға өзгертулер енгізуді ұсынады, осылайша, дуалды білім берудің бұдан да белсенді дамуына алғышарттар жасалмақшы.

Гүлнар Құрбанбаева Германия жөнінде мысал келтіріп кетті. «Неміс оқу орындарында болып қайтқанда олардың студенттерінің жап-жаңа жабдықтармен оқып жатқаны таң қалдырды. Сөйтіп, судай жаңа БМВ-ны бұзып, ашып көріп жатты. Міне осындай тұрғыдан келуге тиіспіз. Олар колледж қабырғасында-ақ автомобильдердің, техниканың ең соңғы үлгілерімен жұмыс жасай бастайды, ақырында зауыттарға дайын маман болып келе салады. Олар бұрынғы емес, дәл қазір шығарылып жатқан үлгілермен қалай жұмыс жасау керектігін біледі», - деп әңгімеледі ҚР ҰКП төрағасының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер