Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау бойынша «Өмір жолы» жобасын жүзеге асыруда
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау бойынша «Өмір жолы» жобасын бастап кетті, деп хабарлайды Palata.kz.
«Өмір жолы» - бұл қарттар және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жедел жәрдем шақырудың тәуліктік қызметі. Төтенше жағдайда батырманы басқанда немесе құрылғы жұмыс істеген кезде, дабыл автоматты түрде тәуліктік Көмек орталығына түседі. Сол кезде оператор симптоматика және жеке денсаулық паспортындағы мәліметтер бойынша жедел жәрдем, ТЖМ және басқа қызметтерді шақыртуға шешім қабылдап, науқастың туыстары мен көршілеріне хабарлайды, қажетті көмек көрсетудің барысын қадағалайды.
«Өмір жолы» әлеуметтік жобасы 2013 жылы «Atameken Start-up» бизнес-ой байқауында бірінші орын алғаннан кейін, оны Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таңдап алған болатын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: