«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КӘСІПКЕР АҚШҰҚЫР АУЫЛЫНДА 500 АДАМ ЖАТТЫҒАТЫН СПОРТ КЕШЕНІН АШТЫ

2021 жылғы 11 Мамыр
- Маңғыстау облысы
6874 просмотров

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, Қазақстан халқының бірлігі күні Ақшұқыр ауылында көп салалы «Сүлеймен» спорт кешені ашылды. Салтанатты ашылу рәсімі барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, шектеулі адам санымен өтті.

«Бүгінгі күн – әрбір қазақстандық үшін туған жерге деген сүйіспеншілік пен адалдық, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Осы бір айтулы күні Ақшұқыр ауылында соңғы үлгідегі жаңа спорт кешені бой көтеріп отыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс»- деген болатын. Бұл бағытта Маңғыстау облысы аумағында атқарылып жатқан ауқымды істер баршылық. Қала, ауыл тұрғындарына тегін спортпен шұғылдануға қажетті жағдай жасалған. Бір Түпқараған ауданының өзінде 14 ашық спорт алаңы, 5 футбол алаңы, 5 көше тренажеры бар. Барлығы спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Тәуелсіздігіміздің 30 жыл ішінде халқымыздың бірлігінің арқасында жас мемлекетіміздің асқан асуы, алған белесі жетерлік. Осының барлығы Тәуелсіздіктің жемісі. Егемен еліміздің еңсесін биіктетіп, жеңісті күндерде жолығайық ағайын!»,- деді С.Трұмов.

Спорт кешені жекпе-жек түрлерін дамытуға күш салып жүрген атымтай азамат Ибрагим Ақдрашевтың демеушілгімен салынды. Онда 500 адам күрестің бірнеше түрімен, бокс, гимнастика, суға жүзу сияқты спорттың бірнеше түрімен айналыса алады.

Айта кетсек, Түпқараған ауданында 4 жабық спорт кешені бар. Биыл олардың қатары тағы үш бірдей спорт кешенімен толығады. Спорт нысандарының біреуі осы Ақшұқыр ауылында жергілікті бюджет қаражатына салынады. Сонымен қатар Баутин мен Қызылөзен ауылдарында да биыл спорт кешені бой көтереді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер