Ұлттық кәсіпкерлер палатасы вагон операторларын жақтады
2014 жылғы 28 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының жанындағы Көлік, логистика және байланыс комитетінің темір жол көлігі бойынша кіші комитетінің отырысы өтті, оған мемлекеттік органдар, қауымдастықтар мен көлік компанияларының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында темір жол саласының келесі мәселелері талқыға салынды: ақау табудан өткізу үшін, 2406 жекеменшік жүк вагонын пайдалануға тыйым туралы; магистральді темір жол торабының бос вагондары жүріп еткен жолына жүк түрлері бойынша қызметтерге тарифтерді сәйкестендіру туралы; контейнерлерді декларациялау кезіндегі әрекеттестіктің проблемалы мәселелері туралы және басқа да мәселелер.
Бірінші сауалды талқылау қорытындысы бойынша кіші комитет мүшелері келесі нұсқауды жасады: (1) «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен ҚР Бас көлік прокуратурасының нұсқауын орындау туралы тезарада өкім шығарсын; (2) ақау табуды күтуде вагондардың мәжбүрлі тұрып қалуы үшін салынған барлық айыппұлдар қайта қарастырылсын; (3) ҚР ККМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік Ережелерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізілсін.
Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос вагондардың жүріп өткен жолына тарифтерді сәйкестендіру бойынша ұсынысын және магистральді темір жол желісі (МТЖ) қызметтеріне тарифтерді сәйкестендіруде өнімнің белгілі бір түрлерінің құнындағы көліктік құрамдасты өзгертуді талдауын қарастыру барысында, кіші комитет мүшелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұсынған нұсқадағы бос вагондар жүріп өткен жолға жүк түрлері бойынша МТЖ қызметтеріне тарифтерді сәйкестендіруден болатын салдардың жекелеген салаларға және жалпы экономикаға тигізетін әсері мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың (ЭБЖМ, ТМРА) қосымша консультациялар жүргізуі ұсынылды.
Халықаралық тасымалдағы уақытша әкелінетін/әкетілетін көлік құралдарына қатысты операторлардың проблемаларын талқылау барысында кіші комитет мүшелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ кеден органдарымен бірлесіп «ҚТЖ» ҰК» АҚ және кеден органдары ақпараттық жүйелеріне өзгертулер енгізуді және тасымалдау процесіне қатысушылар арасында ақпарат алмасу тәртібін анықтауды нұсқады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: