«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкентте «Баста!» форумы өтті

2021 жылғы 12 Мамыр
- Шымкент қаласы
10708 просмотров

Карантиндік шараларға байланысты форум алғаш рет онлайн форматында өтті.

Форум Шымкент қаласында «Бастау Бизнес-2021» бағдарламасының алғашқы лек қатысушыларына арналды. Форумның модераторы бизнес-тренер Ақсәуле Жандарбекова болып, форумның 2019 жылдан басталатын тарихы туралы айтты. Форумның ерекшелігі онда спикерлер – қаланың табысты кәсіпкерлері мен қонақтардың «тірі» тілдесуі форматында өтуінде.

Бірнеше сағат бойы аудиторияда «Бастау Бизнес» бағдарламасының өткен жылдардағы түлектері бүгінде табысты кәсіптің иелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер берді.

 Бизнестегі табыс тағылымын Муталхан Байырбеков айтты. Оның мамандығы – фельдшер. Бірақ 2019 жылы ол музыкалық аспаптар үшін мамандығы бойынша жұмысын тастап, домбыра жасауды қолға алды. «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, жеке кәсіпті дамытуға грант алды. Ағасымен бірге «Асар» шағын ауданында цех ашты. Бүгінде домбыраны кәсіби деңгейде жасайтын маманға айналды, цехте айына 40 данаға дейін аспап әзірленеді.

Нилуфар Сайдуллаева – «Бастау Бизнес» түлегі, «Еңбек» бағдарламасы бойынша грант иегері. Ол көпбалалы ана, бизнесті сәтті дөңгелетіп отырған кәсіпкер. Форумда ол табыс жолы туралы айтып, «Бизнес Бастау» жобасының болашақ түлектеріне қалай көмектесе алатыны жайында ақпарат берді.

Бүгінде Нилуфар «ART_SCHOOL» компаниясының иесі. Тәжірибелі тігінші, 6 баланың анасы, ол алдымен өзінің тігін бойынша жеке кәсіпкерлігін ашты. Содан кейін клиенттер көбейді, көбісі одан тігін бизнесіне үйретуді сұрай бастады – келіншек сабақ бере бастады. Енді оның компаниясында тігін жабдықтарын сатып алуға болады, тігін ісін нөлден үйренуге жағдай жасалған. Ол үздік шәкіртттеріне сәнді тапсырыстарды береді. Нилуфар ынта білдірушілерге тігіншілікті үйретуге ғана емес, сонымен қатар тігін өндірісінің экономикасын есептеуге, қандай құрал-жабдықтар алуға болатындығы және жалпы өз тігін студиясын қалай ашуға болатындығы туралы кеңестер беруге дайын екенін айтты.  

 Асхат Молдағалиев былтыр «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, «Еңбек» бағдарламасымен грант алды. Грант қаражатына азық-түлік дүкенін ашты. Кейін  жылдың 6 пайызбен жеңілдікпен несие алып, дүкенді кеңейтіп, шағын маркет ашты.  

 Модератордың айтуынша «Бастау» жобасымен грантпен қатар, жеңілдікпен неие алуға болатынын еске салды.

 «Білікті кәсіпкерлердің практикалық тәжірибесі жас кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Табыс тағылымы қателіктерді алдын алып, табысқа жету жолын тездетеді, мотивация береді, жаңа бастамаларға жетелейді», – деді Шымкент қаласы ӨКП директорының орынбасары Әділжан Датқаев.

Форумға қатысушылар табысты кәсіпкерлердің тәжірибесі туралы мол ақпарат алды, кәсіпкерлердің типтік ерекшеліктері мен жиі кездесетін қателіктері, бизнесті бастау мен дамытуда мемлекеттік қолдау алу мүмкіндіктері туралы кеңестер алып, жаңа білім жүгін алды.

Жұма күні басқа табысты кәсіпкерлермен зерделі  кездесу өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер