«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2014 жылғы 1 мамырдан бастап Кеден одағының сүт пен ет қауіпсіздігі бойынша техникалық реттемелері күшіне енеді

2014 жылғы 30 Сәуір
9491 просмотров

2014 жылғы 1 мамырдан бастап Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық реттемелері күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық  комиссия (ЕЭК) Алқасының 2013 жылғы №№ 297 және 298 Шешімдерімен аталмыш техникалық реттемелердің күшіне енуі үшін өтпелі кезеңдер орнатылды.

2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұрындары Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік (КО және БЭК) нормативтік құқықтық актілерімен немесе КО және БЭК мүше мемлекеттің заңнамасымен орнатылған міндетті талаптарға сәйкес, 2014 жылғы 1 мамырға дейін берілген немесе қабылданған көрсетілген міндетті талаптарға осы өнімдердің сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат болған жағдайда, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін өндіру және айналымға шығару мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Мұндай өнімнің айналымына КО және БЭК мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес орнатылған өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.

2015 жылғы 1 мамырға дейін 2014 жылғы 1 мамырға дейін КО және БЭК нормативтік құқықтық актілерімен немесе КО және БЭК мүше мемлекеттің заңнамасымен орнатылған міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жатпаған өнімге қатысты өтпелі кезең болып анықталды.

Техникалық реттемелерді қабылдаған сәттен бастап (2013 жылғы 9 қазаннан бастап) өнімді өндірушілерге, импорттаушыларға сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдарға, КО және БЭК мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына көрсетілген техникалық реттемелердің бірыңғай талаптарын қолданумен танысуға, даярлануға және жоспарлы түрде өтуге мүмкіндік берілген болатын.

2014 жылғы 1 мамырдан бастап өнімнің бұрындары КО және БЭК нормативтік құқықтық актілерімен немесе КО және БЭК мүше мемлекеттің заңнамасымен орнатылған міндетті талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді. Өнімнің техникалық реттемелерге сәйкестігі туралы декларациялар ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 Шешімімен бекітілген Бірыңғай формаларға сәйкес ресімделеді.

Қабылданған техникалық реттемелерді жүзеге асыруға бірыңғай ұстанымдарды қамтамасыз ету үшін ЕЭК Алқасының шешімдерімен оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілді. Іс шаралар Жоспарымен мына жерде танысуға болады.

Техникалық реттемелер талаптарын қолданумен байланысты мәселелер мүдделі тұлғалардың кең аясы үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында «Техникалық реттемелер талдамасы» / «Техникалық реттемелерді жүзеге асыру бойынша өзекті сауалдарға жауаптар» бөлімінде жарияланады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер