«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Кедендік одақтың кедендік заңнамасын жетілдіру бойынша бірқатар отырыстар өтеді

2014 жылғы 04 Мамыр
8604 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ағымдағы жылдың 19 мамырында Мәскеу қаласында кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша Жұмысшы топтың алтыншы отырысы, сондай-ақ 20-30 мамыр аралығында кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша Жұмысшы топтың жанында құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексінің жобасын дайындау бойынша сарапшылар тобының 6-отырысы өтеді деп хабарлайды.

Осы орайда, 29 сәуір мен 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде аталған отырыстарға дайындық және қазақстандық Тараптың келісімді ұстанымын жасау мақсатында Қазақстан Республикасы мен Кедендік одақтың кедендік заңнамасын жетілдіру бойынша жұмысшы топшаларының отырыстары басталды.

Жұмысшы топшалар отырыстарының материалдары бойынша ескертпелер мен ұсыныстар болған жағдайда, оларды Жұмысшы топшалар отырыстарының болжалды кестесіне сәйкес жұмысшы топтың отырысында мәселені талқылау басталғанға дейін алдын ала мына электронды поштаға: a.sabdykeeva@palata.kz жолдауыңызды сұраймыз.

Жұмысшы топша отырысының материалдарымен мына сілтемелер бойынша танысуға болады:

  • Жұмысшы топша отырысының болжалды кестесі (№ 1 қосымша);
  • Кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша Жұмысшы топтың және сараптау тобының төртінші және бесінші отырыстарының хаттамалары (№2 қосымша);
  • Сараптау тобының бесінші отырысының қорытындысы бойынша материалдар(№ 3 қосымша);
  • 2014 жылдың 18-28 наурыз аралығында өткен сараптау тобы отырысының қорытындысы бойынша құрылған 3-бөлімнің 18-21-тарау жобалары бойынша кестелер (№ 4 қосымша);
  • 2014 жылдың 18-28 наурыз аралығында өткен сараптау тобы отырысының қорытындысы бойынша қосымша консультациялар өткізуді қажет еткен Одақ Кодексіне 22-28-тараулар бойынша өзгертулер кестесі (№ 5 қосымша);
  • 2014 жылдың 18-28 наурыз, сондай-ақ 14-25 сәуір аралығында өткен сараптау тобы отырысының қорытындысы бойынша Одақ Кодексіндегі өзгертулер бойынша келіспеушіліктер кестесі (№ 6 қосымша);
  • «Кедендік инфрақұрылым» тармағының жобасы (№ 7 қосымша);
  • Одақ аумағындағы мүдделі тұлғаларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесі тармағының жобасы (№ 8 қосымша);
  • Еркін қойма кедендік процедурасы бойынша бизнес-қауымдастықтың ұсыныстар кестесі (№ 9 қосымша).

Еншілес ұйымдар

Серіктестер