«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістандық Палата өңірдің тауар тасымалдаушыларына тез бұзылатын тауарларды Ресейге жөнелтілетін жүк көліктеріне тиеуге асықпауды ұсынады

2021 жылғы 30 Сәуір
- Түркістан облысы
11455 просмотров

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы Батыс Қазақстандағы қазақстан-ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі туындағанын мәлімлейді. Қазіргі уақытта, екі елдің шекара бекеттерінде шамамен 200 – 300 ден астам жүк көлігі (фура) тұр.

Палата мамандарының айтуынша, мұның себебі – соңғы кезде шекара арқылы есірткі, қару-жарақ пен оқ-дәрілер жиі тасымалдануда. Осыған орай, Ресей билігі тексеру талаптарын күшейтіп отыр. Енді, Маштаково өткізу пунктінде Ресей жағы әрбір жүк көлігінде техникалық өткел болуын талап етуде.

Мұндай өткел болмаған жағдайда, көліктегі тауарлар толық көлемде түсіріліп, жіті тексеруден өтуде. Сәйкесінше бұл көп уақытты қажет етеді. Көптеген тауарлар жарамсыз халге түсіп, жүргізушілердің азық-түлік, су және дизельдік отын қорлары сарқылуда.

Көлік кептелісі тек «Сырым» өткізу бекетінде жоқ. Сонымен қатар, жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау жүйесінде (TIR) тіркелген жүк көліктері қандай да бір кедергісіз өтуде.

Қазіргі уақытта, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшылығы бұл мәселені ҚР Премьер-Министрінің алдында көтеріп, оңды шешілуі үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Осыған байланысты, Түркістан облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облысымыздың тауар тасымалдаушыларына мүмкіндігінше тез бұзылатын тауарларды жүк көліктеріне тиеуге асықпауды, сондай-ақ, тауарларды көліктерге техникалық өткел болуын қамтамасыз ететіндей (екі жағына) тиеуді ұсынады. Бұл, Ресей тарапынан жүргізіліп жатқан тексеруді жеделдетеді. Бұл мәселе жақын арада шешіліп, кәсіпкерлер шекарадан аман-есен өтеді деп сенеміз», - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мади Ибадуллаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер