Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитеті бір жылға арналған жұмыс жоспарын белгіледі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетінің отырысы аясында кәсіпкерлер саланың түйткілді мәселелері, атқарылған жұмыс қорытындысы мен осы жылға белгіленген жоспарларды талқылады
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева жиынды ашып, коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңінде комитет бизнесті қолдау бойынша үлкен жұмысты атқарғанын атап өтті.
«Өткен жыл, әсіресе, медицина қызметкерлері үшін қиын болды. Қыруар шаруа атқарылды, өйткені бірде бір қауымдастық, бірде бір сарапшы шетте қалмай, атсалысты. Комитет Денсаулық сақтау министрлігі және Үкімет деңгейіне маңызды бастамаларды шығарды. Бастамалардың көбі қазірдің өзінде іске асырылып, үйреншікті болып кеткені соншалық, бұрыннан бері қолданыста болғандай сезім қалдырады, мәселен, жеке сектордың ПТР тестілеуге қатысуы, мобильді топтар, санитарлық стандарттарға сай көптеген бизнес бағыттарының жұмысы, дәрігерлердің онлайн консультациялар беруі, COVID-19 індетін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер бағасының цифрлық мониторингі», – деді Юлия Якупбаева.
2020 жылы «Атамекен» ҰКП бастамасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және нарық өкілдерімен бірлесіп, Дағдарысқа қарсы азаматтық штаб құрылды. Оның шеңберінде үш қосалқы топ: зертханалық секторды қоса алғанда, COVID-19 індетін жұқтыру көлемінің өсуі жағдайында халыққа медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру жөніндегі топ, дәріханалар секторымен қоса, фармацевтикалық индустрияны дамыту мәселелері жөніндегі топ, қызметтің барлық салалары бойынша санитарлық талаптарды әзірлеу және сақтау жөніндегі топ жұмыс істеді. Штабы жұмысының шеңберінде бизнес бастамалаған 39 ұсыныс ішінен 19 ұсыныс іске асырылды, 17 ұсынысты мемлекеттік орган қолдап, қазіргі кезде олар жүзеге асырылу деңгейінде, 3 ұсыныс қабылданбады.
ҰКП 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрілігімен бірлесіп, көптеген мәселені шешуге қол жеткізді. Цифрландыру жөніндегі жол картасы мен Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына қол қойылды.
«Бәрі қиын, мүмкін емес, қазір пандемия деп сылтау айтуға болар еді, бірақ комитет бірқатар мәселені шеше алды, бұдан бөлек, Үкіметпен тікелей қатынаста саланың түйткілді мәселелерін белгіледік. Мемлекеттік органдарға азаматтар мен бизнес өкілдері тап болған мәселелер жайында білуге мүмкіндік берілді», – деді Комитет төрағасы Жамболат Сәрсенов.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер проблемалық мәселелерді шешу үшін бірқатар ұсыныстар жасады. «Zdrav Atameken» денсаулық сақтау субъектілерінің қауымдастығы» ЖК және ЗТБ вице-президенті Айжан Садықова, цифрландыру бойынша жұмыс жоспарын SMART технологиялармен толықтыруды ұсынды, маманның айтуынша, мұндай шара кадр тапшылығы мен байланыссыз қызмет мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
«Еуразиялық медициналық қауымдастық» қауымдастық формасындағы ЗТБ президенті Надежда Петухова зертханаларды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жасады.
«Бізге референс-зартханаларды дамыту керек, өйткені практикада талдаулар стандарттарға сай болмай қалып жатады. Сондықтан пациенттер бір зертханадан екінші зартханаға сабылуға мәжбүр», – деді Надежда Петухова.
Спикер ковидтен кейінгі оңалту мәселесін талқылауға қайта оралуды ұсынды, өйткені вирус аурудан айыққан қазақстандықтардың созылмалы ауруларына әсер етеді.
«Біз медикаментозды оңалтудан бас тартуымыз керек, өйткені жиі тағайындалған дәрі-дәрмектер, биологиялық белсенді қоспалар – қабылданған препараттарды есепке алмай тағайындалады. Нәтижесінде, науқастардың жағдайының нашарлауына әкеледі. Біз бұл процеске шипажай-курорттық аймақтарды тартуымыз керек», – деді ол.
Биыл комитет цифрландыру, отандық фармацевтика саласын дамыту, пациентке бағдарланған тәсілге бағдарлана отырып, бастапқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін реформалау, медициналық ұйымдарды жарақтандыру стандарттарын әзірлеу, медициналық техникалар, жабдықтар, медициналық кадрларға толық түгендеу жүргізу мәселелері, сондай-ақ МЖӘ дамыту және өңірлерді дамытудың перспективалық жоспарларын өзектендіру проблемаларымен айналысуды жалғастырады.
Жиынды аяқтап, комитет төрағасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылығымен бизнес мәселелерін апта сайын талқылау бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.
«Шешілмеген түйткілді мәселелер бар: көтерме және бөлшек саудаға арналған дәрі-дәрмекке шекті бағаларды белгіленген бұйрықтың қабылданбауы, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды ЕАЭО қағидалары бойынша тіркеуге көшуге дайын болмау, дәрілік заттарды таңбалауды енгізуге дайын болмау, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының іске асырылмаған іс-шаралары, МЖӘ, мемлекеттік сатып алу мәселелері», – деп атап өтті Жамболат Сәрсенов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: