«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқытушыларға арналған тағылымдама

2021 жылғы 27 Сәуір
- Астана қаласы
5248 просмотров

Нұр-Сұлтанда өндірістік оқытудағы колледждердің оқытушылары мен шеберлеріне арналған тағылымдама басталды

Мамандардың біліктілігін арттыруды Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Radisson Hotel Astana қонақ үйімен бірлесіп ұйымдастырды.

 «Оқытушылар құрамына арналған оқу Дуальді білім беру жол картасы және Нұр-Сұлтанда техникалық және кәсіптік білім беруді 2019-2021 жылдарға дамыту жоспары аясынды өтіп жатыр. Оған арнайы пәндер және «қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері қатыса алады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

 Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды сақтау үшін бір лектегі тыңдаушылар саны 5 адамнан аспайды. Сонымен қатар, оқудың практикалық бөлігі «тамақ және сусындар» бөлімінде өтетіндіктен, барлық студенттердің медициналық кітапшасы сұралады.

 «Тағылымдама 36 сағаттан тұрады. Қонақ үйдің ұйымдастырушылық құрылымы, ішкі тәртіп ережелері, құрылымы және басқа қызметтермен өзара әрекеттесу (UNITED SERVICE бірлескен сервистік қызмет), қауіпсіздік қызметінің функциялары (Security), сондай-ақ қауіпсіздік техникасы және ішкі ұйымдық норматитік құжаттар зерделенеді. Оқытушыларға шаруашылық қызмет (Housekeeping) құрылымы мен функциясы, атап айтқанда әр түрлі тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы, қонақты күту, кір жуу қызметі (Laundry). «Тамақ және сусындар» қызметі қонақ үйдегі тамақтандыруды ұйымдастыруда тәжірибемен бөлісу», – деді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айнұр Рахметова.

 Тағылымдама аяқталған соң оқытушылар сәйкес сертификаттарын алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер