Жас кәсіпкер мемлекет қолдауымен шахмат мектебін ашты
Алдан Қожабаев – мектептің негізін қалаушы және оқытушы
Ол болашақ гроссмейстерлерді өзі дайындайды, орталықтағы ең кіші шәкірт – 4 жаста. Алдан инженер-технолог мамандығын тастап, шахмат мектебін ашып, өмірінде сәтті рокировка жасады. Осы шешімде оған Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Жас кәсіпкер» курсы көмектесті.
Ол шахматты 5 жастан бастап ойнайды. 20 жасында облыс чемпионы атанып, ол балаларды оқытуға кіріседі. Шахмат – кәсібі екенін түсінеді.
«Мамандықпен жұмыс істеу – маған ұнамсыз. Мен жаныма жақын жұмыспен айналысқым келді. «Жас кәсіпкер» курсына қатысып, 505 000 теңге грант алдым. Шахмат столдары, орындықтар, техниканы сатып алып, «Alpha Chess» студиясын аштым. Қазір менде 4-18 жас аралығында 30 оқушы бар. Бәрін мақтан тұтамын – олардың жетістіктері жоғары. Өткен жексенбіде менің оқушыларым қала чемпионатында жүлделі орын алды», – деді Алдан Қожабаев.
Бизнесте жас кәсіпкерге шахматшы дағдылары көмектеседі: шешімді тез қабылдай білу, жағдайға объективті түрде баға беру, алдағы қадамдарды болжау. Пандемия басталған уақытта шахмат мектебі енді ғана ашылған еді. Алайда Алдан Қожабаев көп кідірместен оқуды онлайн форматқа ауыстырып алды. Осылайша орталықтың басқа өңірлерден оқушылары пайда болды.
«Мақсатым – ойнап қана емес, жеңіске жетуді үйрету. Бала өз алдына өршіл мақсат қоюы керек деп санаймын. Әрине, ата-анаға да байланысты, олар қаншалықты баланы қолдай алатыны маңызды. Ол үшін мен ата-аналарға арнап онлайн дәрістер жүргіземін. Бонус ретінде концентрация, стратегиялық ойлау, жадты шынықтыру сабақтары тегін беріледі. Бұл жаттығулар балаларға да, ересектерге де пайдалы», – дейді мектеп иесі.
Жас кәсіпкердің жоспары көп. Келешекте көп баланы оқыту үшін шахмат академиясын ашқысы келеді.
Еске салсақ, «Жас кәсіпкер» жобасы «Бастау Бизнес» жобасы аясында іске асырылған. Жобаға 18-29 жас аралығындағы қыз-жігіттер қатысты. Оқуға қатысып, сертификат алған жастар жеңілдікпен несие немесе грант алу мүмкіндігіне ие болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: