«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылды

2021 жылғы 19 Сәуір
- Маңғыстау облысы
9076 просмотров

Енді кәсіпкерлер карантинге қарамастан жұмыс жасай береді. Өйткені «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл пандемия кезінде бизнесі тұралап қалғандарға тиімді болмақ. Айта кетейік, жоба республика көлемінде пилоттық түрде жүзеге асырылып жатыр.

Снежана Алимбаева фитнес саласында жұмыс істейді. 7 жылдан бері кәсібін дөңгелетіп, табыс тауып жүр. Алайда, әлемді жайлаған індет жас кәсіпкердің де жұмысына әсер етті. Сондықтан ол жобаның жүзеге асып жатқанына дән риза. Өйткені бұл бизнесті жүргізуге мүмкіндік береді - деп санайды.

««Ашық» жобасы арқылы жұмысымыз қайта жандана түспек. Клиенттер мен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін осы жоба тиімді болып тұр. Өйткені, карантин кезінде фитнеске келушілер спортпен шұғылдана алмады. Яғни, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс жасай алмадық»,- дейді ол

Пандемия экономиканың барлық саласына да салқынын тигізді. Мәселен, облыста карантин енгізілгеннен кейін 900-ге жуық кәсіпкерлік нысан зардап шеккен. Дегенмен шектеу шаралары жеңілдеген соң 650 кәсіпкер санитарлық талаптарды сақтай отырып өз жұмысын қайта жалғастырды. "Ашық" жобасы да кәсіпкерлік нысандардың қайта жандануына мүмкіндік береді дейді мамандар. Басты мақсат та осы.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанова:  

-Кәсіпкерлерге көмек көрсету. Ертең мысалға, қызыл аймаққа айналып кетіп жатсақ, олар сары аймақтың шарттарымен жұмыс жасай алады деген сөз. сары аймақтың шарттары жеңілдеу ғой қызылдан гөрі. Ал егерде мысалы біз қазір сары аймаққа айналып жатырқ. «Ашық» жобасының кәсіпкерлері жасыл аймақтың шарттарымен жұмыс жасайды.

Ал «Ашық» жобасына қатысуға ниетті кәсіпкерлер «info.kazakhstan» сайты арқылы өтініш береді. Сонан соң, оларға арнайы QR код беріледі. Сәйкесінше әр кәсіпкерлік нысанның кіреберісіне QR код жүйесі орнатылады. Келушілер мобильді қосымшаны алдымен телефонға жүктеп, нөмірі бойынша тіркелуі тиіс. Кейін QR-кодты сканерлеп, ЖСН нөмірін енгізеді. Сол кезде 4 түстің біреуі жанады.

ПТР тест тапсырмасаңыз және вирус жұқтырмаған болсаңыз - КӨК түс, ПТР тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен болса - ЖАСЫЛ жанады. Ал науқастармен байланыста болғандарға - САРЫ, коронавирус жұқтырғандарға - ҚЫЗЫЛ түс шығады. Сары мен қызыл түс көрсетсе, сіз фитнес орталықтары, спа салондары, бассейін, сауна мен компьютер клубтарына  кіре алмайсыз. Ал смартфонына қосымшаны жүктемеген тұрғындарға мекеме қызметкерлері көмектеседі. Яғни азаматтың  Жеке Сәйкестендіру Нөмірін тексеру арқылы оның мәртебесін анықтай алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер