«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада 6 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасына қосылды

2021 жылғы 19 Сәуір
- Қызылорда облысы
5960 просмотров

Қызылорда облысында 6 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасы аясында жұмыс жасау үшін QR кодтарын алып, тесттік режимде қызметтерін бастады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов жобаға қосылған кәсіпкерлік субъектілерінің 3-еуі компьютерлік клуб, 1-еуі «Жібек жолы» кинотеатры, 1-еуі балалар бассейні және 1-еуі боулинг орталығы екендігін жеткізді.

«Қазіргі облыстағы қолданыстағы қаулы бойынша бассейндер мен кинотеатрлар уақыт және сыйымдылыққа қатысты шектеумен жұмыс жасап тұрған болса, боулинг, компьютерлік клубтарға «Ashyq» жобасына қосылғандарға ғана рұқсат етілген. Кәсіпкерлердің жобаға деген қызығушылығы жоғары. Себебі кей кәсіпкерлік субъектілері ертеңгі күні эпид.ахуал күрделеніп, өңір «қызыл аймаққа» түскен жағдайда да жұмысының тоқтамағанын қалайды. «Ashyq» жобасының негізгі мақсаты да осы – кәсіпкерлерге кедергісіз жұмыс жасауға мүмкіндік беру», - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қатысу үшін QR кодты қалай алады:

- кәсіпкер infoKazahstan.kz сайтында өтініш беруі керек. Өтініш Кәсіпкерлер палатасына түседі және оның жоба шартына сәйкестігі тексеріледі. infoKazahstan.kz платформасы QR-кодты әзірлеп шығарады.

- әрі қарай код алып қосымшамен жұмыс істеуді үйренеді және 1 апта сынақ режимінде жұмыс істеп көреді.

Кәсіпкер қосымшаны сәтті қолданған жағдайда әкімдік нысанды сайттағы тізімге енгізеді. Сынақ режимінде жұмыс істеудің 1 аптасын қоса алғанда барлық рәсім 9 күннен аспайды.

Ал кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану орындары салалық қауымдастыққа өтініш беруі керек. Егер салалық қауымдастық құрамында болмаса, онда Кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады.

Кәсіпкерді «Ashyq» жобасынан не үшін шығарып жіберуі мүмкін:

- мониторингтік топ жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылу фактісін анықтап, растаған жағдайда;

- нысан келушілерді 3 күннен астам уақыт тексермеген жағдайда.

МАҢЫЗДЫ! Жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы мониторингтік топтың шешімімен жобадан 2 аптаға шығарылады. Қайта бұзышулық тіркелсе, бизнес нысаны жобадан 2 айға шеттетіледі.

«Ashyq» жобасына қатысты сауалдар туындаған жағдайда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, сүйемелдеу жасауға әзір. Жауапты маман Палатаның сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева. Байланыс нөмірлері: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4324), ‎+7 771 479 7582. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер