ШОБ субъектілерінің несие төлемдерін кейінге шегеру тәртібі бекітілді
Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде жеке кәсіпкерлер 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін банк займдары және несие ұйымдарымен берілген микронесиелер төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігін ала алады. Төлемдерді кейінге шегеру мерзімі қарыз аулшының таңдауы бойынша 30-дан 90 күнді құрайды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелер төлемдерін кейнге шегеруді беру тәртібін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекітті.
Осы шарамен экономикалық қызметтің 346 түрі қамтылды, соның ішінде:
- сауда және ойын-сауық орталықтарын жалға алушылары және тауарларды жеткізу тізбегін қоса алғанда, сауда саласы;
- спорт, туризм, қонақ үй бизнесі;
- қоғамдық тамақтану қызметі, мейрамхана және кафелер;
- жолаушылар және жүк тасымалдары;
- тұрмыстық қызметтер, театр, кинотеатр, фото- және бейне түсірілім, көрмелер және конференциялар, салтанат ұйымдастыру, сұлулық салондары, фитнес-орталықтарды қоса алғанда, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру.
Аталған санаттарға несиелер төлемдерін кейінге шегеруді алу үшін электронды пошта, интернет-ресурс, мобильді қосымша немесе байланыстың басқа көздері арқылы 2021 жылдың 30 маусымына дейін несие ұйымына өтініш жазу керек. Орта кәсіпкерлік субъектілері өтінішпен бірге қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттарды өткізу керек.
Кейінге шегеру төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданып, жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы көрсетіледі:
- несие мерзімінің соңына деуін алдында шегерілген төлемдерді біркелкі бөлу;
- несие мерзімін кейінге шегеру мерзіміне арттыру;
- банк займы (микронесе) келісімшарты немесе қарыз алушының өтінішінде белгіленген басқа әдіс.
Қосымша шарттар:
- кейінге шегеру қосымша келісімшарт жасамай беріледі;
- кейінге шегеруді алу несие тарихын нашарлатпайды;
- кейінге шегеру рәсімдеуге комиссия және басқа төлемдер ұстау қарастырылмаған;
- несиелік ұйымдардың осы қарыз алушыларға қатысты талап қою-өндіру жұмыстары жеңілдік мерзіміне дейін тоқтатылуы.
кейінге қалдыруға құқық беретін экономика салаларының шарттары мен тізбесі туралы толығырақ ақпаратты қосымшадан (Агенттік Төрағасының 2021 жылғы 9 сәуірдегі №127 бұйрығы) табуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: