«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» Мұнай және газ өнеркәсібі комитетінің отырысы өтті

2021 жылғы 15 Сәуір
3599 просмотров

2021 жыл 14 сәуірде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай және газ өнеркәсібі комитетінің 36-отырысы онлайн форматта өтті

 Жиынға қатысушылар комитеттің өткен отырыстарында белгіленген тапсырмалардың орындалуы бойынша есепті тыңдады. «Kazenergy» қауымдастығының атқарушы директоры Заңғар Ноғайбай Экологиялық кодекс бойынша мәселелердің ағымдағы жағдайы, «ҚР Салық кодексіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика саласындағы орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жұмыстардың барысы туралы айтты.  

 Жиын барысында комитет мүшелері мұнай өнімдерінің орталықтандырылған саудасын ұйымдастырудағы алғашқы тәжірибені талқылады. «ЕТС тауар биржасы» АҚ филиалының директоры Нұржан Бегалин дайындық шаралары және орталықтандырылған сауданы жүйелі ұйымдастырудың алғашқы нәтижелері туралы айтты. Жалпы, биржалық сауда нәтижесінде мұнай өнімдерінің (бензин) көтерме бағасының өсу динамикасы атап өтілді.

 Комитет төрағасы Данияр Әбілғазиннің айтуынша, мұнай өнімдерінің биржалық саудасы тақырыбы, атап айтқанда бензин бағасына қатысты қоғам мен мемлекеттік органдар тарапынан көп сұрақ бар.

 Осыған байланысты төраға егер ішкі нарықта мұнай өнімдерінің профициті болған жағдайда ғана биржалық сауданы енгізу орынды деп санайды. Бұған әлемдік тәжірибе де дәлел. Зауыттардағы ағымдағы жағдай мен мұнай өнімдері ұсынысының қысқаруына байланысты бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу үшін жанар-жағармайдың биржалық саудасын уақытша тоқтатқан жөн болатынын атап өтті.

 Сонымен қатар жиында комитеттің 2021 жылға жұмыс жоспары бекітілді, оған сәйкес жыл бойы жанар-жағармай нарығының жұмысы, салық және экологиялық заңнама, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселелеріне баса назар аударылады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер