«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысында "Бастау Бизнес" жобасы 26 сәуірден басталады

2021 жылғы 10 Сәуір
- Ақтөбе облысы
3524 просмотров

Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытудан өңірдің 1 200 тұрғыны өте алады. Өткен жылдағыдай "Atameken Academy" онлайн-платформасы арқылы қашықтықтан оқыту қарастырылған.

Жобада оқу үшін қатысушылар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқуға өтініммен жүгінуі қажет. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жобаның нысаналы тобына сәйкестігіне үміткер мәртебесі расталған кезде оқытуға жолдама береді. 2021 жылдың 19 сәуірінен бастап үміткерлер https://atameken.co сайтта өз бетінше электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы тіркеуден өте алады  немесе өңірлік палата жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен оның аудандық филиалдарына жүгіну қажет.

Кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушыларға топтарда практикалық оқыту, бизнес-жобаны таныстыруға дайындық жүргізіледі.

"Бизнес-жоспар құру, салықты түсіну және сатуды көбейту идеясын анықтау — мұның бәрі бастапқы кезде кәсіпкер үшін оңай емес. Сондықтан кәсіпкерлікке оқыту бойынша "Бастау Бизнес" жобасы бизнесті бастауға көмектеседі. Жоба сәуір айының 26-нан басталады деп жоспарланған. Ағымдағы жылы елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты курс өткен жылдағыдай онлайн-форматта өтеді. Оқуға жұмыссыздар; еңбекке жарамды мүгедектер; жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер; аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері; зейнет жасына жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, шаруа мен фермерлік қожалықтар, оның ішінде якорлық кооператив мүшелері; қоныс аударғандар мен қандастар қатыса алады", - деп атап өтті ӨКП ҚКО қаржылық емес қолдау бөлімі бастығының м.а. Лаззат Жаманқұлова.

 

Айта кету керек, мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды, сәйкесінше курсқа қатыспайды. Сонымен қатар бала күтімімен демалыста жүрген аналар мен орта арнайы оқу орындары мен ЖОО студенттері де курсқа қатыса алмайды.

Оқуға өтініш беру үшін қажет:

  • жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек, онда мамандар сіздің мақсатты аудаторияға сәйкес келуіңізді тексереді. Оқуға жолдама беріледі. Жұмыспен қамту орталығына жеке куәліктің көшірмесін апару керек.
  • қатысуға өтінімді atameken.co сайтына жолдап, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен жұмыспен қамту орталығы берген жолдамады жүктеу керек.

«Бастау Бизнес» оқу ұзақтығы - 21 күн.

«Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды "Атамекен" ҰКП "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру жылдарында Ақтөбе облысында барлығы 9 345 адам оқытудан өтті. 2020 жылы "Бастау Бизнес" оқуымен өңірдің 1 404 тұрғыны қамтылды, олардың 1 006-ы өз жобаларын іске асыруда. "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру сәтінен бастап 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Ақтөбе облысында 9 345 адам оқытылды, жалпы сомасы 3 767 млн. теңгеге 2009 (41%) жоспары кезінде 2 831 бизнес-идея іске асырылды. Пандемияға байланысты былтыр «Бастау Бизнес» жобасы маусым айында онлайн режимде басталды. 1404 тыңдаушы оқытылды. 1006 тыңдаушы жалпы сомасы 1036,0 млн. теңгеге қаржыландырылды (оның ішінде кредит -565,0 млн. теңге,  гранттар 471,4 млн. теңге)»,- кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова айтып берді.

4 жыл ішінде Ақтөбе облысында 2831 кәсіпкерлік субъектісі құрылды, ШОБ өсімі 4,5% - ды құрады.

Іске асырылған жобалардың негізгі үлесі:

  • 2 296 жоба ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға тиесілі, бұл мал шаруашылығы және ет-сүт өнімдерін өндіру;
  • 1 047 қызмет көрсету саласы (ателье, сұлулық салондары, қоғамдық тамақтану және спорт объектілері, фото-бейне қызметтер, репетиторлық қызметтер және т. б.);
  • 350 өзге де өндірістер.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде салық түсімдері 211,2 млн. теңгені құрады, 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Толық ақпарат алу үшін Ақтөбе облысы аудандары мен Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, "Қазына"БО мекенжайындағы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге болады. Анықтама телефондары: +7/7132/744-615 (іш.1514) "Атамекен" ӨКП және +7/7132/417329 (Ақтөбе қ. жұмыспен қамту орталығы).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер