«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуларға қатысуына жеңілдіктер жасау пысықталып жатыр

2021 жылғы 10 Сәуір
6471 просмотров

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру кезінде мүгедектігі бар кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасау, сондай-ақ тауар, жұмыс және қызметтерді өндіретін мүгедектігі бар тұлағалардың қоғамдық бірлестіктерінің жергілікті қамту және сертфикаттауға қатысты мәселелерін ҚР ҰКП Салалық кеңесінің қатысушылары талқылады.

 Кеңес шеңберінде: ҰКП штаттан тыс кеңесшісі Алмаз Ержан, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, ұлттық палата сарапшылары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігі және Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері жұмыс істеді.

 «Біз сертификаттауға қатысты мәселелер қордаланып қалғанына байланысты жиналдық. Мемлекеттік сатып алуларда сертификаттау бойынша сұрақтар көп. Күн тәртібінде – отандық тауар өндірушілер тізілімі және индустриялық сертфикатты беруді түсіндіру», – деді Алмаз Ержан.

 Спикер мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпкерлікке оқыту, сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытуды қамтамасыз етуде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңес беруде ҰКП арнайы бизнес-кеңесшіні бөлуді жоспарлап отырғанын айтты.

 Сатып алулар мәселесіне пікір білдіре отырып, Сатып алулар және жергілікті қамту департаментінің директоры Меруерт Абдуалиева елімізде жұмыс істеп жатқан отандық өндірушілер мен мүмкіндігі шектеулң кәсіпкерлер, әлеуметтік кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға қатысты мәселеге егжей-тегжейлі тоқталды.

 «Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерден сатып алытаны тауарлар тізімін кеңейту мәселесіне тоқталатын болсақ, онда СТ-КЗ және индустриялық сертификаттарын біріктіру ұсынылды. Портал тарифтеріне қатысты ұсыныстар болды, мәселен мүгедектер ұйымдарына қандай да бір жеңілдік жасау, сонымен қатар заңнан жалтаратын қатысушылар тізіліміне қосу мәселесі. Кейде интернет немесе жарық өшіп қалады, соның салдарынан жеткізушілер келісімшартқа қол қоя алмаған жағдайлар бар, осындай жағдайда оларды заңсыз жұмыс істейтіндер тізіліміне дереу қосып жіберген. Осындай жүйелі түткілдер пысықтауға алынды, оларда шын мәсенінде қисындылық бар. Оларды Қаржы министрлігімен жұмыс тобы шеңберінде қарастыратын боламыз», – деді Мерует Абдуалиева.

Отырысқа қатысушылардың бір легі Индустриялық сертификатты ұзартуға қатысты мәселенің әлі шешілмей жатқанын айтты.

Жиында мүмкіндігі шектеулі адамдарды жаппай жұмыспен қамтып, оқытатын ұйымдарға жеңілдіктер беру мәселесі де көтерілді.

Қолданыстағы проблемалық мәселелерді талқылай келе, Кеңес мүшелеріне әлеуметтік кәсіпкерлердің қызметіндегі проблемалық мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар пакетін құруға шақырылды. Тақырыпқа қатысты ұсыныстарыңыз болса,  жіберулеріңізді сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер