«Атамекен» ҰКП Ақпараттық технологиялар комитетінде дұрыс терминология және жеке деректерді жинау мәселелері талқыланды
«Атамекен» ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитеті отырысында бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде «онлайн-платформа» түсінігін енгізу, сондай-ақ жеке деректерден тұратын база операторлары және меншік иелеріне талаптарды қатаңдату мәселелері қаралды
Жиынға ІТ-қоғамдастық өкілдері және Қазақстанның цифрлық кеңістігі мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Мәселе «онлайн-платформа» түсінігін дұрыс қолданбауға қатысты болды. Комитет мүшесі, Цифрлық Қазақстан қауымдастығының атқарушы директоры Денис Степанцов терминологияны «мессенджер» атты бірыңғай түсінікке бейімдеп, заңнама тұрғысында бекітуді ұсынды.
«Мемлекет басшысының мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді реттеу бойынша тапсырмасы бар, ал «онлайн-платформа» бұл ауқымды түсінік. Оның аясына сауда және жарнамалық ресурстар да түсіп қалуы мүмкін. Біз бұл түсінікпен мессенджерлер және әлеуметтік желілер ғана реттелуі үшін аясын шектеуді ұсынамыз», – деп ұсынды Денис Степанцов.
Заң жобасын әзірлеуге тікелей қатысы бар мемлекеттік органдардың өкілдері терминологияны қайта қарауға дайын.
«Менің пікірімше, терминалогия бойынша мемлекеттік органдар да, депутаттар да жұмыс істеуге дайын, өйткені реттеу саласында бізге қажетті субъектілер ғана алынғаны керек», – деді «Талдау және ақпарат орталығы» ШҚҚ РМК директоры Михаил Комиссаров.
Талқылау барысында терминді қолдану түсінігін қайта қарау және шетелдік ірі компаниялар, әлеуметтік желілер және мессенджерлердің иелері қолданбайтын контентті бұғаттау мәселесін шешу үшін олармен тікелей байланысқа шығу мәселесін пысықтау тураы шешім қабылданды.
Кездесу барысында жеке деректерді қамтитын базалардың операторлары мен меншік иелеріне қатысты талаптарды қатаңдату мәселесі қаралды. ІТ-қоғамдастық өкілдерінің пікірінше, ҚР Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ұсынған түзетулер дербес деректердің иелері мен операторларына қосымша жауапкершілік жүктейді, бұл жайт тұтынушылармен жұмыс істейтін компаниялардың барлық бизнес-процестеріне айтарлықтай әсер етеді.
Денис Степанцов айтуынша, бизнес аталған сервиске тәуелді болып, өзінің жеке, клиенттерге ыңғайлы сервистерін дамыта алмайды. Ал өз кезегінде мемлекеттік сервис бизнес субъектісінің клиенттік базасы туралы ақпаратқа ие болады.
Кездесу соңында ҚР Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінен түзетулер енгізу қажеттілігін негіздейтін дербес деректермен қылмыс статистикасы туралы ақпарат сұрату бойынша шешім қабылданды. Сонымен қатар ұсынылған түзетулер енгізілген жағдайда туындайтын мемлекеттік бюджеттің және бизнестің қаржылық шығындары туралы статистика сұратылмақ. Түзетулерді пысықтау үшін отырысқа қатысушылар бизнес пен барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жұмыс тобын құруға келісті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: