Қазақстанда бизнесті мониторинг топтардың заңсыз тексеруінен қорғау үшін мобильді топтар құрылды
«Атамекен» ҰКП мен Бас прокуратура бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде бизнесті мониторинг топтардың заңсыз тексерулерінен қорғау бойынша мобильді топтар құрылғанын хабарлайды
Сіздің бизнесіңізге мониторинг топтар тексеру жүргізген кезде олардың заңсыз әрекетін байқасаңыз, бірден Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 1432 байланыс орталығына және Бас прокуратурада 115 нөміріне, сондай-ақ аймағыңыздың мобильді тобына кіретін сарапшыларға хабарласыңыз.
Мобильді топтардың міндеті – кәсіпкерлердің құқықбұзушылық және заңды қызметке, оның ішінде мониторинг топтар тарапынан кедергі келтіру туралы хабарламасына жедел ден қойып, шара қабылдау.
Кәсіпкерге телефон арқылы кеңес алудан бөлек, заң көмегін көрсету қажет болса, мобильді топтың мүшелері кәсіпкердің құқығы бұзылған жерге бара алады.
Айта кетейік, 2021 жылғы 1 сәуірдегі коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қолдау және қорғау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ бұл мәселе бойынша «Атамекен» ҰКП және Бас прокуратура, басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп, шара қабылдады.
«Бизнесті қорғауда прокуратура рөлі едәуір күшейтілді. Жұмыс топтарының алаңдарында сәйкес ұсыныстар қорытылып жатыр. Атап айтқанда, енді кәсіпкерлерлік субъектілердің өтінімдері бойынша прокурорлар тікелей тексеру жүргізе алады. Прокурорлар қылмыстық тергеу бастаудың заңдылығын тексеріп, тергеудің ақылға қонымды мерзімін белгілейді. Қылмыстық процесс барысында прокурорлармен ревизия өндірісі мақұлданады», – деген болатын «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Бизнесті қорғау жөніндегі V форумда.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: