«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың сайлауалды жұмыстары өтуде

2021 жылғы 07 Сәуір
- Жамбыл облысы
5113 просмотров

6 сәуірде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске кандидаттардың үгіт-насихат кампаниясы басталды

Кандидаттарға БАҚ немесе әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ, кездесулер және үгіт-насихат құралдары арқылы аудиторияға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруға бес күн уақыт беріледі. Облыс ауқымында кандидаттардан  Ұлттық палата талаптарына сәйкес келетін 91 өтінім мақұлданды. Оның ішінде Тараз қаласының бизнес-қоғамдастығы белсенділік танытты.

Өңірлік кеңеске квотамен өңір бойынша бизнес-қоғамдастықтан 28 өкіл өтеді.

Үгіт-насихат кампаниясынан кейін 12-16 сәуір аралығында https://vote.atameken.kz/ сайтында кандидаттарға онлайн-дауыс беру басталады. Әр кәсіпкер, қауымдастық немесе өзін-өзі басқаратын ұйымның электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы 1 кандидатқа дауыс бере алады. Дауыс беру процесі небәрі екі минуттай уақыт алады.

Бизнестің сұрақтарына Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев жауап берді.

- Самат Шиналыұлы, кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңеске үміткер жайлы сипаттап беруіңізді сұраймын.

- Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен  ӨКП-да аккредиттелген қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: Қазақстан Республикасының азаматы болу; өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу; кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу; өңірде жария тұлға болу; кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу; бизнесінің тарихы оң болуы; әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу; облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады; Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

-   Өңірлік кеңесіне сайлау неліктен карантин жағдайында өтуде?

-   Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне сайлау ел ауқымында алғаш рет өтіп жатыр. Экономикалық ахуалдың күрделілігі және карантин кезеңінде бизнестің қиын жағдайын ескере отырып, бизнес-қауымдастыққа Кәсіпкерлер палатасы арқылы өңірдегі кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын, кәсіпкерлерді дамыту және қолдау бағытында тиімді қадамдар жасап, түрлі салалардағы мәселелерді көтеріп,  нақты шешімдер ұсына алатын  өңірлік кеңес мүшелерін таңдауға мүмкіндік беруді шештік. Өңірлік кеңес – кәсіпкерлер палаталары жұмысының стратегиялық басым бағыттарын анықтайтын бақылаушы орган.

-   Сайлау процесінің бүкіл процедурасы шын мәнінде ашық жүргізіліп жатыр ма, оны қалай растауға болады?

-   Біріншіден, құжаттарды қабылдау, өтініштерді рәсімдеу және дауыс берудің өзі электронды форматта өтіп жатыр. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Құжаттарды қарау жөніндегі комиссиясы келіп түскен өтінімдердің 99,9%-ын мақұлдады (бірнеше өтінім кандидаттың талаптарға сай келмеуіне байланысты қабылданбады), қалған барлық кандидаттар келесі кезеңге өтті.

Осы ретте сайлау алды үгін-насихат кампаниясы барысында барлық кандидатқа тең жағдай беріледі – әркім үгіт-насихат материалдарын кез келген БАҚ көздерінде әрі кез келген көлемде жариялай алады. Бұдан бөлек Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы электрондық үгіт-насихат парақшалары бірыңғай нысанда дайындап, палатаның әлеуметтік парақшаларында орналастырылды және өзін-өзі насихаттау үшін кандидаттарға таратылады.

Осылайша барлық кандидаттар үшін тең жағдай қарастырылған.

Сайлау туралы толық ақпарат https://vote.atameken.kz/ru/ сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан немесе 8(7262)555 904 телефоны арқылы алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер